Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында өңірдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтар 7,9%-ға төмендеді. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 23-ті құрап, республикалық көрсеткіштен (61) айтарлықтай төмен болды. Аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100%-ды құрап, қылмыстардың ашылуы жалпы республика көрсеткішінен жоғары – 75,6% деңгейінде тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кісі өлтіру, қарақшылық, ұрлық, пәтер және мал ұрлығы сияқты негізгі қылмыс түрлері азайды. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы және бұрын сотталған тұлғалармен жасалған құқық бұзушылықтар да төмендеді. Ал алаяқтық және интернет-алаяқтық деректері 40%-ға артқан. 2026 жылдың алғашқы екі айында құқық бұзушылықтар 8,3%-ға, қылмыс деңгейі 4,9%-ға төмендеді.

Жиын барысында қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі кеңінен қаралды. Өткен жылы ақша жылыстату деректері бойынша тіркелген қылмыстық істер саны екі еседен астам өсіп, 38-ден 80-ге жеткен. Мамандардың айтуынша, қылмыскерлер жалған компаниялар, банк шоттары мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып, күрделі қаржылық схемаларды жүзеге асыруда. Әсіресе, дропперлік қызмет кең таралған. Қабылданған шаралар аясында дроп-шоттарды бұғаттау, банк карталарын заңсыз беру үшін жауапкершілікті күшейту және цифрлық мониторинг жүргізу жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы «жеңіл табыс» ұсынатын заңсыз жарнамаларды анықтау және бұғаттау жұмыстары күшейтілді.

Жиында құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласының өкілдері маскүнемдіктің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерден қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Облыс әкімі комиссия қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді, салааралық өзара іс-қимылды арттыруды және нақты нәтижеге бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында мектептер мен колледждерде жастарға арналған арнайы құқықтық сауаттылық сабақтары өткізу қолға алынды. Бұл сабақтар арқылы жасөспірімдер заңға сәйкес әрекет ету мәдениетін қалыптастырып, қылмыстық әрекеттерге жол бермеу қажеттілігін түсінуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, өңірде тұрғындармен тұрақты кездесулер ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық сауаттылығы арттырылуда. Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікке байланысты кеңестер беріп, алаяқтық, интернет-алаяқтық және қаржылық схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндірді.

Басқармалар мен мемлекеттік қызметтердің өзара байланысын күшейту нәтижесінде құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және алдын алу мүмкіндігі артты. Бұл шаралар облыстағы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізеді.

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ КЕҢЕЙІП, ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

КЕЛЕСТЕ ЖАЛПЫ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 3400 ТОННАЛЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia