Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 1 ГЕКТАР АУМАҚТА ТҰҚЫМБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес ауданда көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 1 гектар жерге тұқымбақ ұйымдастырылды. «Жетісай қызмет» мекемесінің теңгеріміндегі аталмыш тұқымбақта бүгінде көшет егу және оларды күтіп-баптау жұмыстары мекеме қызметкерлерінің өз күшімен жүргізілуде.

Тұқымбақта емен, айлант, үйеңкі, катальпа және акация, көк терек, ақ терек, мырза терек, ива, келінтал мен жиде секілді әртүрлі ағаш пен сәндік көшеттердің 65 мыңға жуық данасы дәнмен, қаламсаппен отырғызылып, олардың өсуіне қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде.

Алдағы уақытта аудан аумағын көгалдандыруға қажетті сапалы көшеттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұқымбақтың жұмысымен арнайы танысқан аудан әкімі Серік Мамытов егілген көшеттердің жай-күйін көрді. Атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тұқымбақты тиімді пайдалану, көшеттердің сапасын арттыру және оларды сақтау мәселелеріне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бұл бастаманың ауданның экологиялық жағдайын жақсартуда және жасыл желек көлемін арттыруда маңызы зор екендігін айтты.

Алдағы уақытта тұқымбақта өсірілген көшеттер аудан көшелеріне, әлеуметтік нысандар аумағына және қоғамдық орындарға отырғызылады. Бұл өз кезегінде ауданның көркін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етпек.

Қатысты жаңалықтар

ПОЛНОСТЬЮ ЗАВЕРШЕНЫ ВЕСЕННЕ-ПОЛЕВЫЕ РАБОТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

azatmedia

Жарықтандыру жұмыстары жалғасын табады

azatmedia