Мәдениет

«КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІНІҢ 5 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан қаласының мәдени өмірінде маңызды орын алатын «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің 5 жылдық мерейтойына арналған «Белесті 5 жыл» атты салтанатты концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.

2020 жылдың 28 қыркүйегінде есігін айқара ашқан кешен осы уақыт ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жүздеген мәдени іс-шаралардың тұрақты өткізу алаңына айналды.

Кешен қала руханиятының дамуына елеулі үлес қосып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кәсіби өнерпаздар, мемлекеттік марапат иегерлері мен өз саласының үздік мамандары қызмет атқаратын мәдени орталыққа айналды.

Мерекелік кеште кешеннің шығармашылық ұжымдары — «JANA LEP» труппасы, «ALQONYR» фольклорлық ансамблі, «SAMGAU» би ансамблі және «КЕРУЕН» балалар би тобы көрермендерге мазмұнды өнер көрсетті. Сондай-ақ «Құрмет» орденінің иегері, белгілі дирижер Еркін Нұрымбетовтің орындауы кештің көркін аша түсті.

Шараның құрметті қонақтары қатарында Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркебұлан Дауылбаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, және қалалық басқармалар мен мекемелердің өкілдері және мәдениет саласының ардагерлері болды.

Айта кетейік, бес жыл ішінде «Конгресс Холл» өңірдегі мәдени, қоғамдық және іскерлік шаралардың негізгі орталығына айналды. Осы кезеңде мұнда көптеген концерттер, форумдар, ресми кездесулер өткізіліп, мыңдаған көрерменге қызмет көрсетілді. Мерейтой барысында кешеннің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге қала басшысы мен ұйым өкілдері тарапынан арнайы алғыс білдіріліп, ықылас гүлдері табысталды.

Кешеннің 5 жылдық мерейтойы Түркістан қаласының мәдени өміріне маңызды оқиға болып саналады. Осы кезең ішінде «Конгресс Холл» өз жұмысын еліміздің рухани және мәдени орталығы ретінде қалыптастырып, көптеген ірі шараларды өткізуде өзіндік орнықты алаңға айналды. Оның мүмкіндіктері мен кешенді қызметі өңірдің мәдени өмірін жаңа деңгейге көтерді. Кешенде өткізілген іс-шаралардың ауқымдылығы мен сапасы бүгінде көптеген өнерпаздар мен мәдениет қайраткерлерінің назарын аударып отыр.

Мерейтойды атап өтудің өзі тек кешеннің жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, оның болашаққа бағытталған даму жоспарының негізін қалады. Мәдениет саласында қызмет ететін мамандар мен шығармашылық ұжымдар өздерінің шеберліктерін шыңдап, осындай ауқымды алаңда жұмыс істей отырып, жаңа биіктерге көтерілді. Бұл кешенде өткен әрбір мәдени шара Түркістанның тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де танылуына себеп болды. Алдағы уақытта да «Конгресс Холл» кешені өнер мен мәдениет саласының жаңа жобаларын іске асыруға, көптеген шығармашылық бастамаларды қолдауға әрі қолда бар мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруы керек. Мұнда өткізілетін әрбір шара Түркістанның мәдени болашағына қосылған жаңа үлес болып табылады. Сонымен қатар, кешеннің жұмыс істеп келе жатқан уақыт аралығында өңірдің мәдениет саласына және азаматтардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға үлкен үлес қосқан мамандар мен ұжымдардың жұмысы да жоғары бағаланды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

azatmedia

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

azatmedia