Ақпарат

ОРДАБАСЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ТЕМІРЛАН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТЫП АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Ордабасы ауданы әкімінің Азат Оралбаевтың төрағалығымен Темірлан елді мекенінде құрылысы жүргізіліп жатқан кредиттік тұрғын үйлерді іске қосу және оны сату тетіктерін талқылауға арналған жұмыс жиыны өтті.

Жиынға ауыл округтерінің әкімдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, білім бөлімі, орталық аурухана, ішкі саясат, құрылыс және сәулет бөлімі басшылары, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары қатысты.

Мәжілістің негізгі мақсаты – Темірлан аумағында салынып жатқан тұрғын үйлерді халыққа тиімді әрі қолжетімді түрде ұсыну, сондай-ақ кредиттік үйлерді сату тетіктерін түсіндіру және іске асыру жолдарын нақтылау.

Жиын барысында тиісті бөлім тарапынан «Батсу-Водоканал» ЖШС және «CK ABU GROUP» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан 2 қабатты тұрғын үй құрылыстарының қазіргі жағдайы таныстырылды. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар алқапта 32 пәтерлік (2 қабатты) үйдің, 120 пәтерлік тұрғын үй блоктарының құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатқаны айтылды. Құрылыс нысандарында ішкі әрлеу, электр желілерін және ауыз су жүйесін тарту, сондай-ақ фасад жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 160-қа жуық жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылған.

«Отбасы банк» өкілі жиналғандарға тұрғын үйді кредиттік негізде сату тетіктерін, қатысу шарттарын және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді.

Жиын қорытындысында аудан басшысы Азат Оралбаев ауыл округі әкімдеріне және жауапты бөлімдерге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, кредиттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тәртібін түсіндіру, кезекте тұрған азаматтардың қажетті мәліметтерін нақтылау, құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді. Сондай-ақ Темірлан елді мекенінде тұрғын үйлер салу және оларды халыққа қолжетімді түрде ұсыну бағытында бірлескен іс-қимылдар жалғаса беретінін жеткізді.

КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТУ БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

1.Тұрғын үйлердің жалпы сипаттамасы

Темірлан елді мекенінде 2 қабатты жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр.

Пәтерлер саны: 32 пәтер және 120 пәтерлі тұрғын блоктар.

Пәтер түрлері:

– 1 бөлмелі – 34–45 м²

– 2 бөлмелі – 50–65 м²

– 3 бөлмелі – 66–87 м²

1 шаршы метрдің аудандар бойынша бағасы: 260 000 теңге.

Кредиттік сату құны: 208 000 теңге/м² (ескертпе).

2. Кредиттік тұрғын үйді кім сатып ала алады?

Пәтерді сатып алу құқығы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға және Түркістан облысының кез келген азаматына беріледі.

Бірінші кезекте:

– ҰОС ардагерлері;

– Жетім балалар;

– Көпбалалы аналар және отбасылар;

– 1 және 2 топ мүгедектері;

– Мүгедек баласы бар отбасылар;

– Жеңілдігі бар ардагерлер;

Жесірлер.

Несиелеу бағдарламалары:

Бағдарлама 2–10–20:

Пайыздық мөлшерлеме: 2%

– Бастапқы жарна: 10%

– Мерзімі: 19 жылға дейін.

– Табыс талабы: отбасы мүшесіне шаққандағы орташа табыс

– 5 төменгі күнкөріс деңгейінен аспау керек (2025 жылы – 231 140 теңге)

Бағдарлама 5–10–20:

– Пайыздық мөлшерлеме: 5%.

– Бастапқы жарна: 10%, Мерзімі: 20 жылға дейін

– Табыс талабы: отбасы мүшесіне шаққандағы табыс

– 6 төменгі күнкөріс деңгейінен аспау керек (2025 жылы – 277 368 теңге)

4.Пәтерге қойылатын талаптар:

Сатылатын пәтер:

– Жаңа тұрғын үй болуы тиіс (2 жылдан аспаған);

– Ауданы 84 м²-ден аспау керек;

– Сапалы материалдармен салынған, күрделі жөндеуден өткен;

– Жоба сараптамадан өткізілген.

5. Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

orken.otbasybank.kz. сайтында кезек тізімінде болу жүйесі арқылы кезекте тұру

Соңғы 6 айда тұрақты зейнетақы аударымдары болуы керек;

Несие тарихы жақсы болуы тиіс;

Табыс деңгейі бағдарлама; талаптарына сәйкес болуы қажет

Бастапқы жарнаны (кемінде 10%) төлеу мүмкіндігі.

6.Үйді сатып алу механизмі:

– Азамат тұрғын үй кезегінде тұрады

– Құжаттар банкке өткізіледі;

– «Отбасы банк» табысты және несие тарихын тексереді;

– Несие мақұлданады;

– Пәтер бөлінеді; – Азамат келісімшартқа қол қойып, жаңа үйге қоныстанады.

Қатысты жаңалықтар

«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

AMANAT: АҚ ХАЛАТТЫЛАР ОҚУЫНА АҚ ҚАНАТТЫ ПЕРІШТЕЛЕР КЕЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NEAR ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

azatmedia