Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІКСІЗ АУЫЛДАР САНЫ 70-КЕ ЖУЫҚТАҒАН

Түркістан облысында «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы аясында алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайтын ауылдар саны жыл сайын артып келеді. Былтырдың өзінде ішімдіксіз ауылдар саны 30-ға жеткен. Оның ішінде, Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан 5 ауыл, Келес ауданында – 4, Сайрам ауданында – 3, Қазығұрт, Төлеби және Сауран аудандарында – 2, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында түгелдей бір ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.

Ал, биыл ішімдіксіз ауылдар саны 66-ға жектен. Солардың бірі – Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылы. Жалпы 131 үйі, 1 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған.

Түркістан облысында мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде. Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырған.

«Ішімдіксіз ауыл» бастамасы Түркістан облысында қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған өте маңызды қадам болып табылады. Әсіресе, ауылдардың көпшілігінде спирттік ішімдіктерді сатудан бас тарту, оларды сату мәдениетінен бас тартып, жастардың салауатты өмір салтына назар аударуы елдің болашағы үшін үлкен үлес қосып отыр. Ішімдіксіз ауылдар санының артуы, халықтың денсаулығын жақсарту мен қоғамдық тәртіпті сақтау тұрғысынан оң нәтижелерге жетелейтіні сөзсіз.

Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылының үлгісінде бізді қуантатын бір жай, ішімдіксіз өмір сүрудің тек қылмыс санының төмендеуімен ғана шектелмей, адамдардың моральдық-рухани жағдайына да оң әсер еткені байқалады. Бұл ауылдың тұрғындары өздерінің берекелі өмірі мен тыныштықты сақтап қана қоймай, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруде, ал ауылдың жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызуда маңызды рөл атқаруда.

Бұл бастама Түркістан облысының өзге ауылдарына да үлгі боларлық. Әрбір ауылдың ішкі мәдениеті мен дәстүрлерін сақтай отырып, жалпы қоғамға пайда келтіретін жаңа нормалар енгізу – нағыз қоғамның сауаттылығы мен дамуын көрсетеді. Сондай-ақ, мектептер мен мешіттерде жастармен өткізілетін кездесулердің маңызы зор. Оларда тек алкогольдің зияны ғана емес, оның орнына салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың, қоғамдық белсенділікті арттырудың қажеттілігі түсіндірілуде.

Бұл тәжірибе еліміздің басқа аймақтарына да таралып, жастар мен жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз. Қоғамда рухани құндылықтарды ұстанып, ішімдіксіз өмір салтын насихаттау – болашақ ұрпақ үшін жарқын болашақтың кепілі екені даусыз.

Қатысты жаңалықтар

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІС КЕРЕК

azatmedia

ҚАНҒА МҰҚТАЖ НАУҚАСҚА ДОНОР БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia