Ақпарат

БӘЙДІБЕКТІК АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бәйдібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі көпбалалы және алтын құрсақты аналар марапатталды. ҚР Президентінің Жарлығымен марапатқа ие болған 18 ананың 3-і алтын, 15-і күміс алқа иегері. Бұл шараның мақсаты – ана мен баланың қоғамдағы маңызын атап өту, олардың отбасындағы рөлін жоғары бағалау.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев шара барысында аналарды құттықтап, олардың еңбегін жоғары бағалады. «Құрметті, алтын құрсақты аналар! Елімізде ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалынып жатқанын білесіздер. Баланы дүниеге әкеліп, оны өсіріп, елдің азаматы етіп тәрбиелеп отырғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді ол.

Бұл шара аналардың қоғамдағы мәртебесін арттырып, көпбалалы отбасыларға көрсетілетін қолдауды арттырудың маңызды бөлігі болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

azatmedia

Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, БІРҚАТАР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАДЫ

azatmedia