Ақпарат

КЕНТАУ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар экологиялық аймақ қатарына енгізілді.1 шілдеден бастап заң күшіне еніп, қаланың мәртебесі ресми түрде өзгертілді. Бұл – жылдар бойы көтеріліп келген өзекті мәселенің нақты шешімі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Кентауға жасаған сапары барысында тұрғындармен кездесіп, осы жағымды жаңалықты ресми түрде хабарлады.Кездесуге қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Енді Кентау қаласы экологиялық аймақ ретінде мемлекет тарапынан қосымша қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болады. Бұл – қаланың әрі қарай дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.Тарихи шешім – қала тұрғындарының үміті мен табанды еңбегінің нәтижесі.

Қатысты жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

azatmedia

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОМЬЮНИТИ-ОРТАЛЫҚ ПЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭТНОМҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

azatmedia