Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА СҮТТІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылында ашылған «Майтөбе сүт» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі осы кезге дейін тәулігіне 1 тонна сүтті өндеп, түрлі өнім шығарып келген-ді.

Бүгінде халықтың көңілінен шыққан, сапалы әрі дәмді өнімдері сұранысқа ие цех енді өнім көлемін 3 есеге арттырып, тәулігіне 3 тонна сүт өңдемек.Бүгін аталған нысанға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты мамандар арнайы барып, кәсіпкердің жаңа жобасымен танысты.

«Майтөбе сүт» өндірістік кооперативінде айран, қаймақ, сары май, сүзбе, чечель, ірімшік, құрт өнімдері өндіріліп, дүкен сөрелеріне сатылымға шығуда.Бүгінгі таңда кәсіпорында екі ауысыммен 18 адам жұмыс істеуде. Алдағы уақытта кәсіпорын жұмысын ұлғайту көзделіп отыр.

Аталмыш өндірістік кооперативін қайта жабдықтау жұмыстарына 80 млн. теңге жұмсалған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

azatmedia

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ МОЛАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

azatmedia