Ақпарат

Келес: Ынтымақ елді мекеніндегі инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекеніне арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар ауыз су, ағын су, жайылым жер және жол мәселелерін көтерді. Аудан басшысы аталған мәселелерді шешу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ауыз су мәселесіЫнтымақ елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалау және құрылыс жұмыстары тиісті мердігер мекемелер арқылы жүзеге асырылды. Құрылыс барысында кейбір жоспарланған нысандардың тиімсіздігі анықталып, олар алынып тасталды. Жоба аясында терең ұңғыма қазылып, су құбырлары тартылды, көтерілімді насос станциялары, су қоймасы, су мұнарасы мен тұндырғыш орнатылды. Нәтижесінде елді мекен толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды.

Қазіргі таңда ауыз су белгіленген кестеге сәйкес берілуде. Алайда ұңғымадан құм аралас су шығуына байланысты су жинау процесінде қиындықтар туындап отыр. Осыған байланысты су сүзгілері жиі ауыстырылып, су сапасын жақсарту мақсатында қосымша тұндырғыш орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Ақаулар бойынша тиісті актілер түзілip, мердігер мекемеге оларды қалпына келтіру жөнінде ескерту жасалды.

Электрмен қамту

Елді мекенді тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін электр желісі мен трансформаторлар орнату жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде жоғары және төмен кернеулі электр желілері тартылып, бірнеше трансформатор орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

Жол инфрақұрылымы

Ынтымақ елді мекенінің ішкі көшелерінің жалпы ұзындығы 11 шақырымнан асады. Қазіргі таңда жолдардың бір бөлігі ғана қанағатты жағдайда. Су жүйесінің құрылысына байланысты жол жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылған болатын. Қазіргі уақытта инфрақұрылым толық тартылған соң, ішкі көшелерге шағал тас төсеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданды.

Сонымен қатар, Достық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар әзірленіп, олар 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Ведомстволық сараптама алу мақсатында тиісті орталықпен келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.

Жайылым жер мәселесі

Кездесу барысында тұрғындар багара жерлерді жайылым мақсатында пайдалануға рұқсат беруді сұрады. Алайда аталған аумақта ауыл шаруашылығы мақсатында егін егіліп жатқандығына байланысты, бұл мәселені шешуде қолданыстағы заңнамадан тыс әрекетке жол берілмейтіндігі түсіндірілді.

Ағын су мәселесі

Ағын су мәселесі бойынша тұрғындарға вегетациялық кезең барысында су реттелген кесте негізінде босатылып жатқаны жеткізілді. Су жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, егістік алқаптар қажетті көлемде сумен қамтамасыз етілуде.

Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер аудан әкімінің тікелей бақылауына алынды. Халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Қатысты жаңалықтар

1,8 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды

azatmedia

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУ МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia