Жаңалықтар

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістанда II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы өз мәресіне жетті. Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен жиынның қонақтары Түркістан қаласы мен Отырар аудандарының киелі орындарын аралады.Алдымен Арыстан баб кесенесіне зиярат етуден бастады. Танымдық сапар әрі қарай Отырар қалашығында жалғасты.Күннің екінші бөлігінде киелі шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Шетелдік қонақтар сәулет өнерінен бөлек, қазақ руханиятының мол мұрасымен, ұлттық салт-дәстүрімен танысты.Айта кетейік, екі күн бойы өткен симпозиум «Түркі өркениетінің ескерткіштері: зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері» тақырыбына арналды. Оған Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Мажарстан және Қазақстаннан жетекші ғалымдар және халықаралық ұйымдардан сарапшылар қатысты. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ЖАСТАР ДА ЖАҢҒЫРУЫ КЕРЕК

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia