Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жаңа қоғамдық көліктер ел игілігіне берілді. Мақсат – заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол жүру ережелерін сақтау, такси тұрақжайларды реттеу, ауданішілік және ауданаралық, қалааралық бағыттарда жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер мен жеке такси жүргізушілерінің көліктерінің техникалық қауіпсіздігі, жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес бүгін заманауи 14 шағын автобустың кілті табысталды.Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «SAR avto» ЖШС арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынауын оңтайландыру мақсатында 10 бағыт бойынша қоғамдық көліктер санын арттырып отыр.Ел Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысына сәйкес, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыруы арқылы алынған отандық көліктер заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушылардың талаптарын толықтай қанағаттандыра алады. Мұздатқыш және желдеткіш жүйелерімен, ыңғайлы орындықтармен және қауіпсіздік белбеулерімен қамтамасыз етілген.

Қатысты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР 1700 МЕТРДЕН АСТАМ БИІКТІККЕ ТУ ТІКТІ

azatmedia

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

azatmedia

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

azatmedia