Ақпарат

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылдық округінде елді мекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округке қарасты Көктал елді мекенінде 5 дана электр бағаналарын, оған қоса ұзындығы 200 метрлік электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстардан кейін елді мекенге қарасты 17 тұрғын үй сапалы электр желісімен қамтылды.Бүгінде Әлімтау елді мекенінде 8 дана бағананы жаңарту, 350 метр электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 180-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Айта кетсек, аталған елді мекен көшелеріндегі ескірген ағаш бағаналардың орнына бетон бағаналар орнатылды.

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСТАҒАН

azatmedia

АРЫСТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

azatmedia