Ақпарат

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

«Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне орай, «Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шардара ауданының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Іс-шараға «Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіптік одағы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, мекеме басшысы Дулат Сартбаев және кәсіподақ активі қатысты. Салтанатты шарада сөз алған кәсіподақ төрағасы Сапарғали Шолданбаев, бүгінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің орман қорын күзету мен оны қорғауды қамтамасыз етудегі жолында жасап жатқан жұмыстарының маңыздылығын айта келе, осы салада жұмыс істейтін мамандардың табандылығы мен ерен еңбегін ерекше атап өтіп, кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиын ары қарай марапаттаумен жалғасып, онда көп жылғы мінсіз еңбегі мен мамандыққа деген адалдығы үшін бірқатар үздік қызметкерлерге облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының және салалық кәсіподақтың «Ардақты ардагер», «Еңбек даңқы» төс белгілері мен Құрмет грамоталары табысталды.

Қатысты жаңалықтар

Еңбектің шынайы бейнесі

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР ЕЛ ҚОРҒАНЫ

azatmedia