Ақпарат

МАҚСАТ – ТҮРКІСТАНДЫ ТӨРТ ҚҰБЫЛАМЕН ТЕҢЕСТІРУ

Мемлекет басшысы Түркістанды бәріміздің мақтанышымыз деп атап өткені белгілі. Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесімен айшықталған көне мекеннің туристік әлеуетін нығайту, оның ішінде Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың географиялық ұшу картасын кеңейту – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыруға арналған жол картасының маңызды тармағы болып енгізілген.Түркістан әуе айлағының перспективалық даму қадамдарына сәйкес, шет елдік азаматтардың Түркістанға деген қызығушылықтарын оятуда, авиабайланыс орнатудың жаңа маршруттарын түзу бойынша үздіксіз ізденістер жүргізіліп келеді. Бұл бағытта отандық және шет елдік авиакомпаниялармен келіссөздер жүргізу, авиарейстердің перспективалық және экономикалық талдауларын жүргізу, жолаушылар айналымының болжамды нұсқаларын әзірлеу сынды маңызды жұмыс процесстері атқарылуда.Қолға алынған кешенді жұмыстар жемісін беруде. Мәселен, жуырда Бахрейн – Түркістан бағытында чартерлік авиарейс ашылатын күн алыс еместігі жөнінде Түркістан облысының туризм басқармасына сілтеме жасай отырып «Turkistan» телеарнасы хабарлады. Мұндай мүмкіндік Бахрейн азаматтары үшін Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында түзіліп жатқан біріктірілген туристік саяхат маршруты арқылы жүзеге аспақ. Осылайша бахрейндік азаматтар жеті күндік саяхаттың төрт тәулігін Түркістан облысының аумағында өткізетін болады.Қазақ тарихында айрықша орны бар қаланың туристік тұрғыдағы өркендеуіне жергілікті мемлекеттік органдармен қатар партияластарымыз да белсене қатысып, ортақ маңызы бар істе депутаттық фракцияның, партия жанындағы консультативтік кеңеші органдардың әлеуеті де пайдаланыла бермек.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте проходит неделя «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Диетолог жүрекке пайдалы 9 өнімді атады

azatmedia