Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің ІІІ тоқсандағы атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары талқыланды.
Басқосуға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері және өңірдегі кәсіби медиаторлар қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екенін тілге тиек етті.
– Жалпы медиация, оның ішінде этномедиация жұмыстары Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жақсы деңгейде екендігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылдың маусым айындағы Атырау қаласында өткен Құрлытайда оң бағасын берген болатын. ҚХА жанындағы Республикалық Медиация кеңесінің бастамасымен елімізде «Елдесу және татуласу» жобасы кең көлемде жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Түркістан облысының ҚХА жанындағы этномедиация орталығымен этносаралық жанжалдардың алдын алу және болдырмау, орын алған дау-дамайларды медиация тәртібі арқылы бейбіт жолмен шешу мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі кезде осы этномедиация орталығына қарасты өңірдегі барлық 17 аудан мен қалаларда 19 медиация кабинеті жұмыс істесе, онда 56 кәсіби және 170 қоғамдық медиаторлар заң талаптарына сәйкес өз қызметтерін атқаруда, – деді Бақытжан Жармаханұлы.
Жиында белгілі болғандай, медиаторлардың жүйелі жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы өңірде этнос өкілдерінің қатысумен 131 құқықбұзушылық болса, соның 113-і бойынша медиация тәртібі қолданылған. Биылғы жылдың басынан бері облыс көлемінде этнос өкілдерінің қатысуымен 54 құқық бұзушылық орын алса, оның 31-і медиация тәртібін қолдану арқылы оң шешімін тауып отыр.
Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы Этномедиация Кеңесінің 2024 жылғы 5 тамыздағы кеңейтілген отырысында қаралған мәселелер туралы Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Жанат Тәукеева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Бақытжан Әшірбаев баяндама жасады.
Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННАН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

azatmedia

23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia