Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӨЗБЕК ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛЕРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Этноауыл кешенінде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және дәстүрлері» мерекелік іс-шарасы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских, Амангелді Ғабділкәрімұлы, Ғалиасқар Төлендіұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы, Ақсақалдар, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері қатысты.Көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Сенат депутаттары еліміздің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына кеңінен тоқталды.Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына толық жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, мұндағы игі бастамалар жалпы түркі әлеміне үлгі, бірлігі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.Мерекелік жиында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар арнайы марапатталды.Берекелі бірлікке үндеген мерекелік іс-шара облысқа танымал мәдениет саласы өнерпаздарының гала концертіне ұласты.

Қатысты жаңалықтар

Атырау облысында алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды

azatmedia

Қазақстанда пневмонияға шалдыққан сырқаттар саны 27 мыңнан асты

azatmedia

МЕГАПОЛИСТЕГІ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia