Ақпарат

23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясында «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, мекеме басшысы Ағабек Абдиев пен кәсіподақ активі қатысты. Салтанатты шарада, жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Сіздер жауапты жұмысты абыроймен атқарып, әрқайсыңыз мемлекетіміздің және өңіріміздің дамуы үшін еңбек етіп жатырсыздар. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс айта отырып, баршаларыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарызға бақ-береке, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» – деп сөзін қорытындылады. Жиын ары қарай марапаттау миссиясымен жалғасып, онда өз саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгендері үшін бірқатар белсенді қызметкерлерге салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы», «Үздік қызметкер» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Жиын соңында мекеме басшысы Ағабек Абдиев көрсетілген құрметке өз алғысын білдіріп, қызметшілердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ӨНДІРІС ПЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ІСІ ЖАНДАНАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

azatmedia