Ақпарат

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:1. «Үздік әлеуметтік әріптес» конкурсы бойынша атқарылған жұмыстар;2. «Бір терезе» қағидаты бойынша кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының демалысы мен сауығуына жолдама алуға жәрдемдесу үшін бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әрбір кәсіподақ мүшесінің назарына жеткізе отырып, ҚР шипажайларына жолдама алуға ниет білдіруші кәсіподақ мүшелерінің тізімін жасақтау мәселесі;3. Лайықты еңбек жылы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізу;4. Басқа сұрақтар:- «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясын жалғастыру;- Өндірістердегі орын алған жазатайым оқиғаларына талдау жүргізу;- Қордаланған мәселелер бойынша, кезекті Түркістан облысының Әлеуметтік әріптестік үш жақты комиссия отырысында қарауға ұсыныстар дайындау;Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының тапсырмасына сәйкес, «Үздік әлеуметтік әріптес» конкурсы бойынша атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғап, оның орындалуына атсалысқан барша кеңес мүшелеріне өз ризашылығын білдірді.Бұдан басқа кеңесте қатысушылар «Бір терезе» қағидаты бойынша кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының демалысы мен сауығуына жолдама алу мәселесі туралы сөз өрбітті. Осы жобаны қолдау мақсатында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларды өздеріне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы әрбір кәсіподақ мүшелерінің назарына жеткізе отырып, ҚР шипажайларына жолдама алуға ниет білдіруші кәсіподақ мүшелерінің тізімін жасақтау туралы кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, кәсіподақ төрағасы жұмыскерлерге еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету аясында кеңес мүшелеріне бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытуды және «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кездесулерді одан әрі жалғастыру керектігін айтып өтті.Сонымен қатар, төраға қатысушыларға облыс аумағындағы кәсіпорындарда орын алған өндірістік жарақаттарға талдау жасап,қордаланған мәселелер бойынша алдағы облыстық үш жақты комиссия отырысында қарауға кеңес мүшелеріне ұсыныстарын дайындауға тапсырма берді.Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

МАҚСАТ – ТҮРКІСТАНДЫ ТӨРТ ҚҰБЫЛАМЕН ТЕҢЕСТІРУ

azatmedia

Кентау: «Қарнақ-Шекербұлақ бауырлас ауылдар» тақырыбында ауқымды іс шара ұйымдастырылды

azatmedia

ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

azatmedia