Ақпарат

КӘСІПОДАҚ: ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті.Кеңеске салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі және Қазақстанның еңбеккер әйелдерінің I-ші Форумының қатысушы делегаттары Нилуфар Хилветова мен Айгуль Сайдуллаева қатысты.Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоның Қазақстанға алғашқы ресми сапары аясында Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары бойынша;2. АЭС құрылысы туралы жолдауды талқылау және осы мақсатта өтетін референдум бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;3. Ағымдағы жылдың 7 қазан күні «Жұмысшылар бейбітшілік пен демократияға лайық» ұранымен өтетін Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күні мен 10-қазан Кәсіподақтар күні мерекесіне орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу туралы;4. Кәсіподақтар күніне орай Келешек жастар форумына қатысатын делегаттар тізімін мақұлдау бойынша;5. Кәсіподақтар күніне орай БАҚ-та кәсіподақ жұмысын жариялау;6. 2025 жылға арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрудың жұмыс жоспарын құру мәселесі;Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген бірінші мәселе бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайту аясында жуырда елімізге келген Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоның алғашқы ресми сапары аясында сөз өрбітіп, бұл тарихи кездесудің алдағы уақытта халықаралық еңбек стандарттарын енгізуге және Қазақстанда әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын іске асыруға зор ықпал беретіндігін жеткізді.Екінші мәселе бойынша кеңес мүшелері ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушылар елімізде 6 қазанда өтетін АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдумның маңыздылығы мен атом электр станциясының артықшылығы туралы пікір алмасты.Аталған мәселе бойынша өз кезегінде «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов өз ойын білдіріп, «Бұл бастама ел экономикасының энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету және энергетикалық тәуелсіздікті нығайту мақсатында қолға алынуда. АЭС салу арқылы біз Қазақстанымыздың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Сондықтан үлкен жобаны Президентіміз халықтың талқылауына арнайы шығарып отыр. Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатының бір айқын көрінісі деп ауыз толтырып айта аламыз.» – деді.Осы ретте кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларды елімізде АЭС салу бойынша Кәсіподақтар Федерациясының Үндеуін қолдап, алдағы 6 қазанда өтетін республикалық референдумда еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқанда барлық салалық және жергілікті кәсіподақтарға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.Бұдан басқа, қатысушылар жиында ағымдағы жылдың 7 қазанында «Жұмысшылар бейбітшілік пен демократияға лайық» ұранымен өтетін Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күні мен 10-қазан Кәсіподақтар күні мерекесіне орай кәсіподақ ұйымдарымен өткізілетін іс-шаралар жоспарын, кәсіподақ жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, Келешек жастар форумына қатысатын делегаттар тізімін мақұлдау және 2025 жылға арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрудың жұмыс жоспарын әзірлеу туралы мәселелерін қарастырып, оның орындалуы бойынша кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берілді.Кеңес соңы сұрақ-жауаппен аяқталды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

azatmedia

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ БОЙЫНША САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

azatmedia