Ақпарат

КӘСІПОДАҚ: ВЕТЕРИНАРИЯ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, Түркістан облысы Ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» МКК-ны Түркістан қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Сапарғали Шолданбаев кәсіподақ мүшелеріне жұмыс орнында өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайлардың алдын алу және оны жою мәселелері туралы айтып, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарына сай жұмыс барысында жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы екендігін айтып өтті.Бұдан басқа, кәсіподақ төрағасы Қазақстанда АЭС салу мәселесіне кеңінен тоқталып, барша қатысушыларды еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқаннан тыс қалмай алдағы 6 қазанда өтетін республикалық референдумда дауыс беруге шақырды.Жиын соңында еңбеккерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

Қатысты жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ АЛДЫН АЛУ ТИІСТІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

“Қайнарбулақ” подключён к природному газу после долгих ожиданий: работы по газификации идут полным ходом

azatmedia

КЕЛЕСТЕ 16,8 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ҚАЙТТЫ

azatmedia