Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі Кентау қаласында қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Кәсіподақтың 100 жылдығына және Ұстаздар күніне арналған «Интеллект баттл» зияткерлік кеші өтті. Ұстаздар арасында ұйымдастырылған «Интеллект баттл» зияткерлік кешінде 15 команда қатысып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.Кешке облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла, қала әкімінің орынбасары Байболова Ақнұр Нұралықызы, білім бөлімінің әдіскері Арайлым Улановна, қоғамдық кеңес мүшесі Жанна Пазилбекқызы және жастар ресурстық орталығының басшысы Сұлтан Бақытұлы қазылық жасады.Зияткерлік кештің басты мақсаты ұстаздар қауымының интеллектуалдық деңгейін арттыру, олардың білім беру саласындағы креативті және ойлау қабілеттерін шыңдау. Ситуациялық сұрақтар арқылы ұстаздарға күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларды қалай шешуге болатынын көрсетіп, әрекеттердің әртүрлілігі мен мүмкіндіктерін түсіндіруге бағытталды.Тартысты өткен кеште үш үздік команда ақшалай сертификаттарға ие болып, үш ең үздік ойыншы жеке марапаттармен атап өтілді. Сонымен қатар, бір команда қала әкімінің арнайы сыйлығын жеңіп алды.Атап айтсақ:Қала әкімінің сыйлығын “Жас білгірлер” командасы (№15 Төрткүл-төбе жалпы білім беретінмектебі)3-орынды “NextGen Leaders” командасы (Ә.Бөкейханов атындағы N23 жалпы білім беретін мектебі)2-орынды “Көкжал” командасы (Ы.Алтынсарин атындағы N1 мектеп-гимназиясы)1-орынды “Бірлік” командасы (Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы) жеңіп алды.»Ең үздік ойыншы 2024″ номинациясы бойынша Зияева Эльмира, Ташпулатова Мамура және Қаратай Гүлнұр марапатталды.Бұл кеш салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерейтойының маңыздылығын атап өтіп, ұстаздар қауымының бірлігін нығайтып, олардың кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдауға үлкен үлес қосты.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық