Ақпарат

БҮГІНГІ ТАҢДАУ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ

АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Халықтық штабында «AMANAT» партиясының белсенділерімен АЭС салу мәселесінде қоғамдастық тарапынан жиі қойылатын сауалдарды талқылауға арналған басқосу болып өтті. Партияның облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің қатысуымен өткен жиында жалпыхалықтық референдумға арқау болып отырған тақырыптың қоғамдық маңызы жан-жақты қаралды.Партия филиалының заңгері Нүркен Естебеков жалпыхалықтық референдумды тағайындау туралы бастаманың құқықтық негіздерін түсіндіріп өтті. Мемлекет өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы таңдау жасалатыны айтылды. Сондай-ақ жиын барысында, АЭС салу бастамасының технологиялық және ғылыми аспектілері, энергетикалық қауіпсіздікті және тәуелсіздікті қамту мәселелеріндегі рөлі талқыланып, ғалымдар мен сарапшылардың объективті бағалаулары келтірілді.Біліктілікті арттыруға арналған жиынға қатысушылар сала мамандарының баламалы энергия көздерінің әлеуетіне байланысты келтіретін дәйекті дәлелдерін саралай отырып, технологиялық салыстырулар қорытындыларына назар аударды. Атом энергетикасының экономикалық тиімділігін таразылап, қаржылық тәуеулдерге байланысты қоғамдастықтың пікірлерін жан-жақты қарастырды. Жобаның әлеуметтік және саяси мәнін зерделеп, оның экологиялық тәуекелдерін және қоршаған ортаға әсер ету деңгейін талдап білді.Жиынға қатысушылар АЭС салу бастамасы қай жағынан болсын, бүгінгі таңдағы ең тиімді жоба екендігіне көз жеткізіп, енді осы деректер мен дәйектерді жұртшылық арасындағы түсіндіру жұмыстарында мейлінше қолданатын болады.

Қатысты жаңалықтар

УАҚЫТША МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР ҚҰРЫЛАДЫ

azatmedia

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

azatmedia

Еңбек адамы, мәні және қазіргі қоғамға қосқан үлесі

azatmedia