Жаңалықтар

САУРАН: АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сауран ауданындағы «Қамқорлық» орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің басқосуы болып өтті. Жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, өзбек этно мәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанбай Рысбеков, ардагерлер кеңесінің және әжелер алқасының мүшелері, қоғамдық бірлестіктер, дін өкілдері қатысты. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов ашып, жүргізіп отырды.Бұған дейін аудандық әжелер алқасының төрайымы қызметін абыроймен атқарған Балымхан Байтенова Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы әжелер алқасының төрайымы қызметіне тағайындалған болатын. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов Балымхан Байтенованың бүгінгі таңға дейін атқарған жұмыстарына жоғары баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен бірге аудандық әжелер алқасының төрайымы қызметіне Райхан Полатованың тағайындалғанын жеткізді.Райхан Полатова 1964 жылы 11 тамызда туылған. 1971-1982 жылдары Түркістан ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Крупская орта мектебін тәмамдаған. 1982-19685 жылдары Сарыағаш ветеринария мал дәрігері техникумы, 1985-1990 жылдары Ленинизм колхозында, 1990-1997 жылдары Шорнақ ауылы «Жұлдызша» бала-бақшасында, 1997 жылдан бүгінгі таңға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.2020 жылы «Қазақстан асыл аналары» республикалық кітапқа енген, «Асыл ана» төсбелгісімен марапатталған. 2018-2021 жылдары «Ақ дидарлы әжелер», «Әжелер отбасының берекесі» аудандық байқауының жүлдегері, 2021 жылы «Ұлағатты әже» медальінің иегері, облыстық, аудандық әкімдерінің, қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

ПАРТИЯЛАСТАР «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БІРЛІК» СПОРТ САЙЫСТАРЫ ӨТТІ

azatmedia