Мәдениет

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: «Қырық Қыз» және «Көктерек Әулие» жайлы

«Қырық Қыз» – көне тарихи, табиғи ескерткіш. Ескерткіш Қазығұрт аймағында екеу. Көп замандардың бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі.Бұл ескерткіш тасмүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5–6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында. «Қырық қыз» деп аталатын екінші тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде – Қазығұрт тауының Шығыс мүйісінің («Орда қонған») оңтүстік-шығысында 4–5 шақырымдай қашықтықта. Етегінде Өгем өз. ағып жатқан Өгем қойнауына түсе беріс жер күрт ылдилап кететін бұралаң жолға айналады. Тас мүсіндер осы мүйістердің бірінде. Аңыз бойынша бұл тасқа айналған қырық қыздың бейнесі. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелік – осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды. Осыған қарағанда бұл жолы қыздар күйеу жігітті ертіп барып, Қазығұртқа сыйынып келе жатқан болса керек. Олар көз ұшында көрініп тұрған етектегі ауылға жете алмай, тас мүсінге айналған. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.Көктерек Әулие жайлы.Көктерек Әулие-нысан аты. Қасиетті Қазығұрт тауының Оңтүстік жағында Көкібел ауыл әкімшілігіне қарасты Майбұлақ елді мекенінен 1,5 шақырым жерде, Жүзімдік өзеннің бойында Көктерек әулие аталатын биік, жуан терек бар.Көне көз қариялардың айтуынша, ілгеріде бала көтермеген әйелдер Көктерекке барып сиынып, тілектері қабыл болған. Көктеректің көптігі соншалықты, жылы су мен әулиені қоршап 1 га жерді алып жатыр. Терегін әлдекім кессе,бір жағдайларға ұшыраған, немесе көктеректің өзінен қан аққан деседі. Көктереку әулиедегі теректердің бұтағын сол жерге құдайы тамақ өткізгенде ғана құран оқып жағады.Көздіата бұлағы мен Майбұлақ елді мекеніндегі биік, жуан теректі жергілікті тұрғындар Көктерек әулие деп қастерлеп, қасиет тұтады. Көздіата бұлағының суы көз ауруына берден –бір ем болса, ілгеріректе бедеу әйелдер жаңағы көктерекке сиынып, бала көтерген. Бір ғажабы, әулие теректі орынсыз кескен адам жайсыз оқиғаларға кезігетін немесе теректің өзі налып, бойынан қан реңдес сұйық ағызатын еді деседі көнекөз қариялар. Әулие теректің бұтағы сол жерде құдайы тамақ берілгенде құран оқытылып барып жағылған.  

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: Ақбура кесенесі

azatmedia

Қазығұртта «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара өтті

azatmedia