Туған жер тарихын білу – туған ел тарихын білу, өзіңнің өткеніңді білу деген сөз. Осы орайда, Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округінің мәдениет үйінде аудандық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Әкелер мектебі» және «Әжелер алқасының» ұйымдастыруымен «Туған ел тарихы – ұрпаққа тағлым» атты танымдық семинар кеңес өтті. Бұл семинарға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, туған ел тарихынан сыр шертер, қадір-қасиетін ұрпаққа жеткізер семинар кеңестің мән-мағынасының жоғары екендігін тілге тиек етті. Осы орайда, қоғамдық шараларға белсене атсалысып, ел үшін аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар тұлғаларға арнайы Алғыс хаттарын табыстады.Сондай-ақ, танымдық семинар кеңеске аудандық мәслихаттың депутаттары, Ардагерлер кеңесінің төрағасы және басқа да мүшелері қатысты.Іс-шара барысында әжелерден құралған арнайы топ ән шырқап, ел тарихын заман-заманымен ашып көрсететін сахналық қойылымдар көрсетті. Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әсем ән шырқап, мың бұралған бишілер өнерлерін паш етті. Жиынға қатысушылар аудан әкімінің, қариялардың және басқа да тұлғалардың баяндамаларынан, сахналық көріністерден патриоттық сезімі оянып, туған өлкеге деген құрметі күшейіп, ерекше сезімге бөленді.
Келесі жаңалық