Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖИЫНЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы және Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің бірлескен жұмыс жиыны болып өтті. Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ¬амы аумақтық құрылымдарының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

 «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбековтың төрағалығымен өткен жиынға «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау Департаментінің инспекторы Венера Есілбаева, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, партияның Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, Шымкент қаласы прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жауапты өкілдері, Шымкент қалалық пен Түркістан облыстық партия филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылары, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша және Түркістан облысы бойынша филиалдарының жауапты өкілдері, партия филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарын МӘМС жүйесіне қосу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың хабарламасы тыңдалды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының аумақтық құрылымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі бақылау функцияларының жүзеге асуы туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы Ляззат Алимованың және осы ұйымның Түркістан облысы бойынша филиалының заңгері Қанат Қамбаровтың хабарламалары талқыланды.

Аумақтық партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысын қортындылаған «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің инспекторы Венера Есілбаева жиынның күн тәртібінде қаралған мәселе өзекті екенін айта отырып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ аумақтық құрылымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыздылығын айтты. Медициналық қызметтерді сатып алу және медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындау мониторингін жүргізу қажет екеніне тоқталып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бағытында нақтылы қадамдар жасалу керектігіне баса назар аударды. Жиын қорытындысымен нақтылы тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң қадағалауға алынатыны мәлімделді.

Қатысты жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ТАНДЫР ЖАСАП ТАНЫЛҒАН ОТБАСЫ КӘСІБІН КЕҢЕЙТЕ БАСТАДЫ

azatmedia

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

azatmedia