Мақтаарал ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мекемеаралық мәжіліс өтті.Аудан тұрғындарының ауызбіршілігін нығайту, тыныштығын қамтамасыз ету және аудан аумағында ұлтаралық қақтығыстың алдын алу, этносаралық қатынастарды дамыту, әлеуметтік шиеленіс тудыруы ықтимал мәселелердің себептері мен олардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық жасады.
Кең көлемде өткен жиынға аудан прокуроры А.Досаев, ҚР ҰҚК ТО бойынша департаменті Мақтаарал аудандық бөлімі бастығы О.Шынтаев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қ.Сатыбалдиев, аудан мәслихатының төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов және аумақтық мекеме басшылары, облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері және дербес бөлімдердің басшылары, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі Мақтаарал аудандық филиалы басшысы, аудандық ардагерлер кеңесі, әжелер кеңесі, ауыл билері, этномәдени орталықтарының төрағалары, этнос өкілдері (Өзбек, тәжік, әзербайжан, орыс, кәріс, т.б) және ауданның белсенді жастары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция бөлімі бастығының м.а. Қ.Сатыбалдиев аудандағы ұлтаралық шиеленістердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын-алу мақсатында әрбір елді мекенде депуттаттар, учаскелік полициялар, ауыл әкімдері, ауыл ақсақалдары, ауыл билері және белсенді жастар бірігіп ауыл тұрғындарына, жастарға түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу керектігін айтты. Сонымен қатар, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру – ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.Мұнан соң ұлтаралық татулықты нығайту жөнінде ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев сөзге шығып, 2021 жылы Мақтаарал ауданы бойынша ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен Меморандум түзілгенін атап өтті.
«Аталған меморандумда, аудандағы ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында, сондай-ақ, келіспеушіліктердің алдын алу бағытындағы тараптардың ынтымақтастық меморандумы болып табылады. Бүгінде меморандумға аудан әкімдігінің және аудан прокуратурасымен біргелікте қарап, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Меморандумның негізгі мақсаты аудан бойынша ұлтаралық түсінбеушіліктің, кикілжіңнің, қақтығыстың алдын-алу, этникалық мәселелерді теріс саяси мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған ортақ жұмыс жүргізу болып табылады» – деді, М.Бабашев.
Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімінің басшысы «Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы тобын», «Аудан аумағындағы этносаралық татулықты нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру» топтарын құрып, осы топтарға құқық қорғау органдары, медиаторларды, аудан ардагерлері, ауыл ақсақалдары мен билерін және этномәдени орталықтарынан тарту және этносаралық қатынасты нығайту мақсатында аудандағы этно-мәдени орталық мүшелеріне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» жанынан арнайы «Достық» бөлмесін ашуды ұсынды.Айта кетейік, жиында мемлекеттік шекара мәселесі мен Қазақстан Республикасының Президентті Қ.Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын аудан тұрғындарына жаппай насихаттау мәселелері де қаралды.