Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Осындай Ұстаздарымыздың бірі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылы, А.Шерімқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің сызу, сурет, еңбек пәнінің мұғалімі Сыдық Саракул Баялықызы.Сыдық Саракул Баялықызы 1985 жылы Шымкент педагогика институтының сызу, сурет және еңбек факультетінің сурет, сызу және еңбекке баулу мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады. Өзінің ұстаздық жолын 1985 жылы, жолдама бойынша Маңғыстау облысы, Шетпе ауданы, Куйбышев атындағы орта мектепте сызу, сурет және еңбек пәні мұғалімі болып бастайды. 1992 жылы Созақ ауданы, Айкене елдімекеніндегі №5 орта мектебіне ауысады. Аталған жерде 3 жылдай сызу, сурет және еңбек пәндерінен сабақ береді. 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Бадам» орта мектебіне еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. 1995 жылдан бері аталған мектепте үздіксіз қызмет етіп келеді. Білімі-жоғары. Санаты Педагог-зерттеуші. Сыдық Саракул Баялықызы – 39 жыл бойы педагогика саласында сапалы қызмет атқарып келе жатқан білікті маман, аталмыш мектепте 2015 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының төрайымы.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Д.Ушинский айтқандай, Сыдық Саракул әр жылдары білімін жетілдіру курстарынан өткен ізденімпаз ұстаз. Сонымен қатар үлгілі отбасы ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Сыдық Саракул Баялықызының жетістіктеріне тоқталсақ:2016 жылы «Ұлт ұстазы» республикалық ғылыми әдістемелік шығармашылық журналына озық тәжірибелер мен ғылыми шығармашылық жұмысын насихаттап, бас директордың грамотасымен мараптталды.2017 жылы облыстық «Білімді ел мәңгілік ел» атты өнер фестиваліне зор үлес қосқаны үшін ОҚО Білім басқармасының мадақтамасымен марапатталған.
2017 жылы «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» материалдар жинағында мақаласы жарық көрді.
2017 жылы аудандық «Ең үздік тәрбие сағаты» байқауының ІІ орын иегері.
2018 жылы аудандық және облыстық мұғалімдер арасында пән олимпиадасынан 1 жүлделі орын иегері атанды.
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүрлік пен жаңашылдықты үндестіре отырып, баланы отбасында тәрбиелеу» тақырыбында құнды баяндама жасап, ОҚО Білім басқармасының мадақтамасымен марапатталды.2019 жылы «Жалпы білім берудің өзекті мәселелері мен даму тенденциялары» атты Республикалық конференцияда баяндама жасап, дипломға ие болды.2019 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған.2019 жылы «Рухани жаңғыру бәсекеге қабілеттілік» атты білім саласы қызметкерлерінің ІІ халықаралық байқауына қатысып, «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І орын иегері.
2019 жылы «SMART-педагог» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды.2019 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісіне ие болды.
2019 жылы «Еселі еңбегі үшін. Ұстаз мәртебесі» медалімен марапатталған.2019 жылы «Ұстаз мәртебесі» республикалық журналы мен «Ізденіс жолы» республикалық педагогикалық журналына мақаласы жарияланған.2020 жылы Ордабасы аудандық әкімінің және Бадам ауылдық әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.2021 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапатталған.
2021 жылы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған.2023 жылы «Аманат» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Алғыс хатымен және Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.2023 жылы Білім беру жүйесінде көп жылдық мүлтіксіз еңбегі және белсенді еңбегі үшін Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
«Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады» деп Абай Құнанбаев атамыз айтқандай, әріптесіміз Сыдық Саракул Баялықызын шәкірттердің жүрегінен орын ала білген, әріптестердің арасында беделі биік, абыройы асқақ, мерейі үстем Жақсы Ұстаз деп білеміз. Сыдық Саракул отбасында екі ұл, екі қыз өсіріп, қазіргі таңда немере сүйіп отырған аяулы әже.