“AMANAT” партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы «ТАРСА» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті. Жиынға “AMANAT” партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ернар Сағындық, “AMANAT” партиясы Созақ аудандық филиалының консультанты Елмұрат Керімхан, «ТАРСА» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әскербек Сағындықов және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында филиал төрағасы 2024 жылдың II-тоқсанында атқарылған жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Сонымен қатар бастауыш партия ұйымдары партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету керектігі айтылды. Жиын соңында БПҰ- ның мүшелері білдірген ұсыныстар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі жәнеде жарналардың уақытылы жиналуын қамтамасыз етіп, жоспардың уақытылы орындалу қажет екендегін жеткізді.
Алдынғы жаңалық