«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев, комиссия мүшелері С.Шардарбеков, Т.Абуов аудандық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі Ж.Әлібеков пен Қарақұр ауыл округінің әкімі Ғ.Бимендиев және мердігер мекеме өкілдерінің қатысуымен Қарақұр ауыл округі әкімінің ғимаратының құрылысымен танысып мониторинг жүргізді.
Тапсырыс беруші: Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мердігер мекеме: «VEK-STROY-COM» ЖШС.
Техникалық қадағалаушы: «EMAAR-GROUP» ЖШС
Авторлық қадағалаушы: «ДИК-ПРОЕКТ» ЖШС
Құрылыстың басталуы: тамыз 2023
Құрылыстың аяқталуы: желтоқсан 2024Қаржысы:159 млн 138м.
Қаржы толық игерілген.
«Қарақұр ауыл округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімшілік ғимаратының құрылысы 2023 жылдың тамыз айында басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мердігер мекеменің іскерлігі мен тапсырыс беруші Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қадағалауының барысында құрылыс ғимараты толығымен бітіп, тазалау жұмыстарын жүргізіп өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг барысында ғимараттың құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылғандығы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен ішкі әжетханада арнайы жабдықталып сапалы жасалған. Ғимарат сырты жергілікті жердің климаттық жағдайын ескере отырып арнайы құрылыс материалдарымен қапталған. Ғимараттың жылыту жүйесі сұйық отынмен жағылатын арнайы пештермен қамтамасыз етілген. Қызметкерлердің жұмыс жүргізуіне мүмкіндіктер ескеріле отырып, арнайы кабинетпен жабдықталған.