«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сауран аудандық мәслихат депутаты Н.Конкабаев Жаңа Иқан ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков, Жаңа Иқан ауылы әкімінің орынбасары Б.Исаев және ауыл тұрғындары қатысты.Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Б.Юлдашев тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімі берілсе деген мәселені көтерді.
Сонымен қатар, жаңадан салынған 15 ке жуық үй иелері бүгінгі күні электр бағаналарынсыз отыр. Әркім өз жағдайы келгенше көршілерінен сым тартып пайдаланып отыр. Жаңадан электр бағаналарын орнатуға ықпал етуді сұрап келді.Аталған мәселеге орай, ауыл әкімшілігі тиісті мекемелерге ауылдағы инфрақұрылымды жаңарту мақсатында қаржы бөлдіру үшін арнайы өтінім берілгендігін айтты.
Аудандық депутатқа өтінішпен жүгінген келесі тұрғын – М.Хасанов ауылдағы Әл – Фараби көшесіне көпір салу үшін қаржы бөлініп, жұмыстар басталды. Алайда қазіргі таңда құрылысшылардың жұмысы баяулап қалғандығын, қазіргі кезде ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудырып отырғандығын жеткізіп, көпірдің мерзімінде, сапалы жасалуын қадағалауды өтінді. Алталған көпір бойынша конкурс жеңімпазы «ИП DIAMOND» жеке кәсіпкермен 2024 жылы 19 қаңтарда келісім шарт жасалынғандығын, 4 млн 871 430 теңгеге көпір салу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады. Көпір салу жұмыстары келісім шартқа байланысты 01.06.2024 жылы аяқтау көзделген.
Халық қалаулысы аталған көпірдің құрлысымен басына барып танысты. Құрылыс басында жұмыс жасап жатқан мердігерлердің жоқ екендігі анықталып, тапсырыс беруші мекемеге жұмысты мерзімінде аяқтауды қадағалауды тапсырды.Қабылдауда болған О.Нигматуллаев Жаңа Иқан мектебінде талантты оқушылар көп. Халықаралық конкурстарға баруға демеушілік жасалса деген ұсынысын жеткізді.
Сонымен бірге бір топ ауыл тұрғындары ауылдағы Жаңа Иқан көшесіндегі жаңадан салынған асфальт бойындағы су ағатын арықтың орнын ауыстыру мәселесін көтерді. Себебі бұл арықтан аққан су жолдың түбінде болғандықтан жолдың бұзылуына себеп болатындығын айтып, арық орнын жолдан 2-3 метр қашықтыққа ауыстыру керектігін жеткізді.
Аудандық мәслихат депутаты халықтың шағымын тыңдап, екі тарапты ортақ мәмілеге шақырып, ортақ келісімге келіп, мәселе оң шешімін тапты.Өз кезегінде халық қалаулысы қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін бақылауға алып, жауапты мекемелердің де назарына ұсынатынын жеткізді.