Жаңалықтар

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін ‘AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ескі Иқан ауылы Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға облыстық мәслихат депутаттары Ж.Темірбекова, Б.Сүлейменов, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Конқабаев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, ауыл тұрғындары қатысты. Қабылдауда облыстық мәслихат депутаты Жанар Амангелдіқызы облыс көлеміндегі атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауданды газдандыру, ауыз сумен қамту, ауылдарды инфрақұрылымдармен қамту салалары бойынша бірқатар мәселелер шешімін тапқандығын жеткізді.

Сонымен бірге қабылдау өткізген облыстық мәслихат депутаты Баймахан Тоймаханұлы өткен кездесуде ауыл тұрғындары көтерген мәселелердің орындалуы бойынша баяндап берді.Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Жұмаұлы Нұрмаханбет ауылда ауыз су мәселесінің өзекті болып отырғандығын жеткізді. Құдық қазылған, 720 метрден су шығып тұр, су құбырлары тартылған, алайда судың сапасы сын көтермейтіндігін, қосымша фильтрлер қойылмаса тұтыну мүмкін еместігін айтты. Қазіргі таңда тұрғындар ауыз суды Иқан ауылынан тасымалдап ішуге мәжбүр болуда. Осыған орай тұрғындар, халық қалаулыларынан аталған мәселені шешіп, қолдау көрсетуді сұрады.

Ауыл белсендісі Хадиша депутаттарға атқарылған жұмыстар үшін алғысын айта келе, ауылдағы Әйтеке би көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, бір апта ғана жанып, өшіп қалды. Кешкі мезгілде үнемі жағуға қолдау көрсетуді сұрады.Өзі ауылда 6 ғана көше бар. Осы күнге дейін жолға тас төселмей отыр. Аталған мәселені шешуге атсалысуды сұрады.Ауыл тұрғыны Сәрсенова Ләззат ауыз су үйіне мүлде тартылмағандығын жеткізді. 5-6 жылдан бері ауыз суды тасмалдап ішуге мәжбүр екендігін жеткізіп шешіп беруді сұрады. Аталған тұрғынның мәселесі бойынша ауыл әкімі аппаратының мамандары ауылда ауыз су құбырын тарту кезінде бұл азаматшаның үйі салынбаған еді. Сондықтан қосымша жоба жасап қалып кеткен үйлерге су құбырын жүргізетін боламыз деді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Дәрібайұлы Абдрахман халық қалаулысы Баймахан Тоймаханұлына үлкен рахмет. Біздің өтінішімізді жерге тастамай, күре жолдың бойына камера қойып, жарықтандыру бағаналарын қоюға атсалысты. Ендігі мәселе үлкен жолдың бойынан маусымдық базар салу мәселесін көтергенбіз. Базар салуға жоспарлап жатқан жерге қанағаттанбайтындықтарын жеткізді. Бізде ауылда емхана мәселесі қиын. Ескі Иқанға баруға мәжбүрміз. Барып келу өте қиын. Қоғамдық көлік жоқ. Екі үш такси ғана қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары ауыра қалса алғашқы көмек көрсетуге қауқарсыз екендігін айтты.Сонымен бірге ауылымыздың атының ауысуы үйлерді құжаттандыруға кері әсерін тигізіп отыр. Бұрын ауыл атауы Достық деп аталған, қазір Мәшһүр Жүсіп деп ауысты. Алайда дерекқор базасында Достық деп шығып тұр. Осы мәселені шешіп беруді сұрады.

Ауыл тұрғыны Бүркітұлы Мұхаммедәли ауылдағы мазарат жолдың бойында орналасқан. Алайда осы күнге дейін құжаттанбай отырғандығын алға тартты. Оның себебі Мәшһүр Жүсіп елді мекені айналасындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Жүйнек ауылына қарасты екен. Тиісті мамандар ауылдық мазаратқа 10 га жерге жобалау жұмыстары жасалып жатқандығын, жуық арада толық құжаттанатындығын жеткізді.

Сонымен бірге біз осы ауылға келгенде әр отбасына мемлекет 50 соттықтан суармалы жер берген. Біз ол жерлерді игеріп қажетті өнімдерді егіп пайдаланып отырмыз. Алайда бізге берілген жерлер құжаттанбауына байланысты өзге азаматтарға конкурс арқылы беріліп жатыр. Күн көріс көзі жерлерімізді құжаттандыруға қолдау көрсетсеңіздер деді.Қабылдау өткізген халық қалаулылары ауыл тұрғындары көтерген өзекті мәселелердің барлығын арнайы бақылауға алып, тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыстар атқаратындықтарын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

«AMANAT»: ПІСТЕЛІДЕ ПАРАСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 163,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

azatmedia