Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы, Түркістан облысы, Төлеби аудандық соты және кәсіби медиатор Ләззат Балтабайқызы Асанованың ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің ғимаратында «Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты тақырыпта жиын өтті.
Жиынды кәсіби медиатор Л.Асанова ашып, жүргізіп отырды.Жиынға Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Байарыстан, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, «Еуро-Азияль медиация орталығы» ҚБ директоры, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегирова, Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев, кәсіби медиатор Л.Асанова, Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының директоры, кәсіби медиатор Д.Кенжеқұлова, Төлеби АПБ ЖПҚ-нің басшысы Н.Қонысов, Төлеби ауданының бас биі М.Бекболатов, аудандық білім беру мекемелерінің басшылары мен құзырлы мекемелердің салаға жауапты қызметкерлері және кәсіби медиаторлар қатысты.
Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Байарыстан, медиация туралы заң 2011 жылы қабылданған. Алайда 2015-2016 жылдан бастап қарқынды жұмыс жүргізе бастады. Жалпы медиация ұғымына келетін болсақ, орын алған қақтығысты сотқа жеткізбей ауыл билерінің және кәсіби медиаторлардың көмегімен екі тарапты бітімгершілікке шақыру. Кез келген азаматтың сотқа жүгінуге құқығы бар алайда, осындай жағдайларда медиация көмегімен екі тарап келісімге келіп, татуласқаны әлдеқайда оңтайлы шешім деп ойлаймын. Орта есеппен аудан бойынша жылына 1500-ге жуық азамат сотқа арыз түсіреді. Осы арыздың 30-40% медиация көмегімен шешіліп жатыр. Сол себепті болмашы дүниелер үшін бір-бірімізге деген сыйластықтан айырылып қалмайық. Еліміздің дамып, өркендеуі үшін ең алдымен береке, бірлік керек. Барлығымыз бірлікте, татулықта болайық.
«Еуро-Азияль медиация орталығы» ҚБ директоры, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегирова, халық нотариус, адвокат және сот ұғымдарын біледі, алайда медиация сөзін енді ұғынып жатыр. Медиация сөзі жемқорлық, зорлық-зомбылық, экстремизм-терроризм және нашақорлықпен айналысып, ұсталған жағдайларда қолданылмайды. Ажырасу, еңбек және жер даулары, көршілер арасында және ата-ана мен ұстаздар арасында кикілжіңдер орын алған жағдайда істі сотқа жеткізбей медиация көмегімен шешуге болады.
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев, қазіргі уақытта медиация қоғамға, ортаға әсіресе әрбір отбасыға қажет дүние. Бұрында ата-бабаларымыз қандай да бір кикілжің орын алған жағдайда екі тарапты бейбіт жолмен келісімге шақырып, татуластырған. Ал қазір ше? Қазір болмашы нарсеге аразданып жатамыз немесе сотқа шағымданып, уақытымызды босқа жұмсаймыз. Мұның керегі қанша? Ысырапшыл деген ұғым бар ағайын. Ол ақшаны немесе басқа да дүниелерді ысырап ету емес, уақытты ысырап ету. Осындай болмашы жағдайлар үшін бір-бірімізге аразданып, қырсығып, кешірім бермей алтын уақытымызды бос жұмсап жатамыз. Сондықтан құрметті жиынға қатысушылар бір-бірімізге кешірімді болайық, тура жол көрсетіп, бірлікте, татулықта өмір сүрейік.
Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының директоры, кәсіби медиатор Д.Кенжеқұлова, облыс бойынша «Мектеп медиациясы» деген жоба іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта Түркістан қаласы «Ататүрік» мектебінде бұл жоба іске асуда. Қандай да бір дау орын алған жағдайда сотқа емес медиацияға жүгіну керек. Өркениетті қоғамның берік іргесі – заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде, ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады. Дау-дамай бұрын да болған, қазір де бар. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрсекте, ең алдымен ынтымақты сақтай білуіміз керек.
Төлеби ауданының бас биі М.Бекболатов, «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген ұстаныммен өмір сүрген дана халқымыз аталы сөзге тоқтауды білген. Қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын билердің көмегімен ел бірлігін сақтап, дауласушы тараптарды мәмілеге келтіру – ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі, олар «Ара-ағайындық», «Бітімгер», «Мәміле» және т.б. терминдер қолданған. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы берік ұстанған билердің мәртебесі жоғары болып, елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақтауға ықпал еткен. Бүгінгі таңдағы әлемдік ахуал жедел өзгерістермен, тұрақсыздығымен ерекшеленуде. Қалыптасқан жағдайда қоғамның ішкі тұтастығы мызғымас берік болғанда ғана болашақты бағамдап, межелеген мақсатқа нық сеніммен қадам басамыз.
Жиын соңында медиация институтын дамытудың маңызы туралы сөз қозғалып, жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.