Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді.

Халық қалаулысы шаһар басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге әкімдік ғимаратында Арыс қаласы аумағындағы өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган және тиісті сала басшыларымен, қалалық мәслихат депутаттарымен және ауылдық округ әкімдерімен кездесті.

Кездесуде мәжіліс қабырғасында 2024 жылы атқарған жұмыстарды баяндап, жоғарғы заң шығарушы органның жұмыс қорытындыларын атап өтті. Депутат Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясынының аясында атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өзекті мәселерді талқылады. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған ауылдар мен қала орталығын енгізу, ағын су каналдарын күрделі жөндеуге, электр желілеріне модернизациялауға қаржы бөлу секілді мәселелерге ықпал етуді сұрады. Өз кезегінде мәжілісмен әр мәселені назарда ұстап, тиісті органдарға депуттатық сауал жолдайтынын атап өтті.

Бұдан кейін мәжіліс депутаты Арыс аудандық орталық ауруханасына барды. Адам жанының арашасы саналатын мәртебелі маман иелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақ халатты абзал жандар Арыс қаласында дәрігерлерге қосымша төленетін экологиялық коэффициенттері басқа мекемелерге қарағанда төмен екендігін атап өтті. Салдарынан медицина қызметкерлері тиісті үстеме ақы алмайтынын айтып, мәселені шешуге ықпал етуді сұрады. Сондай-ақ, емхана ғимараты ескіргендігін, осыған байланысты жаңа заманауи үлгідегі емхана салынса деген тілектерін жеткізді. Мәжіліс депутаты көтерілген мәселелер бойынша жауапты құрылымдармен тиісті жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді.

Іс-сапар аясында бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Атап айтқанда, «АМАNАТ» партиясының Арыс қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Отырар шағын ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысы мен жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатқан өңірдегі бірегей транспорттық-логистикалық орталық «MEGA-AGAT» ЖШС жұмыстарымен танысты.

Халық қалаулысы Арыс қаласының өнеркәсіптік әлеуетін жоғары бағалап, соңғы жылдары қалаға жеке инвесторлардың қызығушылығы артқанын атап өтті. Мемлекет тарапынан жеке инвесторларға жұмыс істеуге, сол арқылы жаңа еңбек орындарын ашуға барынша жағдай жасалына беретіндігін айтты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

azatmedia

«AMANAT»: БҰҚАРА МЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia