Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР «ДӘРІГЕР TALKS» ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ

Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам дәрігер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылар Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының «Дәрігер Talks» диалог алаңында бас қосты. Диалог алаңына Түркістан облысының медицина саласына қатысты бастауыш партия ұйымы төрағалары мен медицина саласының үздіктері қатарындағы делегаттарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева бастап барды, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірімізден барған делегаттардың қатарында Түркістан қалалық ересектер емханасы бөлімінің меңгерушісі, «Денсаулық» БПҰ төрағасы Ж. Кенжеғұлов, Сауран аудандық емхана басшысы, «Салауат» БПҰ төрағасы Б. Стамқұлов, Бәйдібек аудандық ауруханасының бас дәрігері, “Денсаулық” БПҰ төрағасы Г. Шардарбекова, Мақтаарал аудандық “Атакент” аурухана бас дәрігердің орынбасары, “Нұрлыжол” БПҰ төрағасы С. Жорабекова, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, «Денсаулық» БПҰ төрайымы Ж. Тоғайбекова, Кентау калалық емханасының СӨСҚ дәрігері, «Қалдаяқов» БПҰ төрағасы А. Беркімбекова, Түркістан қалалық орталық ауруханасы инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі М. Шерметова, Түркістан қалалық орталық ауруханасының Интервенциялық кардиология бөлімінің басшысы Б. Усманов және Түркістан Орталық қалалық ауруханасының Терапия бөлімшесінің меңгерушісі К. Мусаходжаева бар.«Дәрігер Talks» диалог алаңында денсаулық сақтау саласның мамандары медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылап, отандық медицинадағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға партиялық және ведомстволық наградалар табысталды.

Жаңа диалог алаңының алғашқы жиыны Nazarbayev University медицина мектебінде өтті. «Дәрігер Talks»-тың ерекшелігі – мұнда дәрігерлер денсаулық сақтау саласын дамыту аясында өмірдегі және кәсіптегі өздерінің жеке қалыптасу тарихымен бөліседі.Сөз басында, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов барша қатысушыны өткен Медицина қызметкері күнімен құттықтап, мемлекет әрқашан денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударатынын атап өтті. Ол сондай-ақ партияның 70 мыңға жуық мүшесі – медицина саласының өкілдері екенін және олар «AMANAT»-тың маңызды тірегі саналатынын жеткізді.

«Мемлекет басшысының ұсынысымен қайтадан «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» мемлекеттік наградасы енгізілді. Қоғам дәрігерлеріміздің ерен еңбегін бағалап қана қоймай, олар туралы егжей-тегжейлі білуі керек деп санаймын. Сол себепті де «AMANAT» партиясы осы «Дәрігер Talks» алаңын ашып отыр. Осы жерде медицина қоғамдастығы депутаттық корпуспен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге ашық диалог форматында өзекті мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын айқындай алады. Біздің міндетіміз – әр дәрігердің үнін естірту», – деді ол.Түркістан өңірінен барған делегаттар қатарындағы Түркістан Орталық қалалық ауруханасының терапия бөлімшесінің меңгерушісі Камагүл Мұсаходжаева баяндамашылардың арасынан бой көрсетіп, саладағы маңызды мәселелерді атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕС: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

БУРАХАН ДАХАНОВ: «СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЖҰМЫС КӨП»

azatmedia

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

azatmedia