Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «БАҚ-НҰРЫ» ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков әр саланың майталман мамандарынан және кәсіпкер әйелдер мен іскер қыз-келіншектерден құралған «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерін қабылдады. Ұйым мүшелеріне әрбір атқарып келген игі шаралары үшін алғыс айтып, еркін тақырыпта пікір алмасты. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.«Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова ұйымның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Бірлестіктің 10 жылдық мерейтойына орай шығарылған журналды көпшілікке ұсынып, жаңа журналдың лентасы қиылды.Айта кетейік, бірлестік әр жылы аудан аумағындағы түрлі қоғамдық шаралар мен қайырымдылық акцияларға белсене араласып келеді. Қайырымды, белсенді қыз келіншектерден құралған бірлестік заңды тұлға ретінде тіркелген. Ұйым арнайы түзілген іс-шара жоспарына сәйкес қамқорлық акциялар мен қоғамдық іс-шараларға мейірімді жүректерімен атсалысып келеді. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӘР ГЕКТАРДАН 90 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА ҚЫМЫРАН САТЫП, ТҮЙЕ ТҮЛІГІН 500-ГЕ ЖЕТКІЗІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ЖАСТЫҢ БИЗНЕС-ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

azatmedia