Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және қазыналы қарттармен кездесті. Өрелі ой мен салмақты пікір айтылған басқосуда аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады.Абыз ақсақалдар мен қазыналы қариялардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қоғамда тұрақтылықтың, бірліктің, ынтымақтың болуы көпті көрген үлкен аға буын өкілдеріне, ардагерлерге, зиялы қауым өкілдеріне тікелей байланысты екендігін атап өтті.Келелі жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бектіқұл Арзықұлов, Шәуілдір ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбек, ардагер ұстаз Мырзабай Өксікбаев, ардагерлер Шайырбек Айжарықов, Рәтбек Әбікей ауданда кенжелеп жатқан бірқатар өзекті мәселелерді айтып, инвестор тарту, халықты жұмыспен қамту, туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыстарды қолға алу керектігін айтты.Аудан әкімі өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық екендігін жеткізіп, көпті көрген ардагерлердің әрбір ұсыныс-пікірі ескерусіз қалмайтынын жеткізді.Жиын соңында «Социалистік еңбек Ері», ауданның «Құрметті азаматы» Оңалбек Бегалиев аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Қатысты жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

azatmedia

«АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ-АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

azatmedia