Қоғам

Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің!

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға орасан зор шығын алып келетін табиғи өрттерді өшіру келелі мәселе болып қалып отыр. Мұндай өрттер үлкен көлемге тарала отырып, орман – дала өртіне айналады да, айтарлықтай шығындарға әкеліп соғады, сонымен қатар мұндай өрттерді өшіруге өртке қарсы қызметтің күш пен құралдарының көп бөлігі бөлінеді де, елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді.
Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелерде орман өрт сөндірушілер командаларының аздығы, жеке құрамды өрт орнына жеткізетін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктердің, байланыс құралдарының, асылатын өрт сөндіру құралдарының, сонымен қатар өрт сөндіруге арналған қосымша техниканың (соқасы бар тракторлар) жетіспеушілігі табиғи өртті өшіру кезінде нақты қиындықтар туғызады. Мемлекеттік мекемелер арасында өзара көмек көрсету мәселелері тиісті үйлесім таппаған. Жер телімдерін жалға алушылар (жерді пайдаланушылар) да өртті өшіруге ат салыспайды. Мемлекеттік орман қорының аумақтары облыстың құмды және таулы жерлерінің көп бөлігін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдерінің аталған жерлерден айтарлықтай қашықтықта орналасқанын атап өту керек.
Облыс Әкімиятының қаулысына сәйкес облыстың барлық аудандарында табиғи өрттің алдын алу мен өшіру бойынша аудандық штабтар, сонымен қатар ерікті өртке қарсы құрамалар құрылуы тиіс.
Аудандағы дала өрттеріне қатысты туындаған ауыр жағдайда ауылдық елді мекендер мен ауыл шаруашылығы нысандарында құрылған ерікті өртке қарсы құрамаларға үлкен үміт артылған. Бірақ, құрғақ шөп жануы кезінде оны өшіру үшін ерікті өртке қарсы құрамалары толығымен қатыспайды.
Табиғи өрттердің пайда болуына негізгі себептер:
тұрғындардың отты абайсыз қолдануы, техникаларды автокөліктерді пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы, ауыл шаруашылық субъектілерінің шабындық қалдықтарын және құрғақ шөптерді қасақана өртеу жағдайынан, мемлекеттік орман қорымен іргелес жатқан жерлерде болады.

Табиғи өрт табиғатта демалушылардың жаққан оттарын өшірмей кеткендіктерінен немесе өшірмей тастай салған темекіден, қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағу салдарынан пайда болады.

Статистикаға сәйкес, орман өрттерінің көпшілігі адамның немқұрайлығынан болады. Өрт өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райында олардың ауқымы дүлей апаттарға әкеліп соғады. Орман өрттерінің нәтижесінде ұзақ уақытқа дейін көк шықпай, орыны бос қалады. Оның себебі қызмет ережелерін бұзу және орманда оттың қауіптілігін бағаламау. Сөйтіп шыны ыдыс, түіп қалған темекі тұқылы мен өшірілмеген от – бұның бәрі өрттің ықтимал көздері.

Сол себепті, осы кезеңде табиғатқа шыққан адамдардың далалы аймақта өте сақ болуы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының шараларын сақтап, өте мұқият болуы қажет.

 Атап айтқанда:

– Бақылаусыз құрғақ шөптер мен қоқыстарды жақпау;

– Балаларға сіріңкемен ойнауға, құрғақ шөптерді өртеуге рұқсат бермеу;

– Оттың бір құрылыстан басқасына өтіп кетпеуі үшін, шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумақтарын құрғақ шөптерден және қоқыстардан тазарту;

– Жанған сіріңке мен темекі тұқылдарын лақтырмау;

– Күннің астында бөтелке немесе шыны сынықтарын қалдырмау.

– Құрғақ және желді ауа-райында от жақпау керек.

Табиғатқа шығу кезінде ең басты ереже – өрт қауіпсіздің ережесі.

Орманда өрт болдырмау үшін тыйым салынады:

  • өрт қауіпі бар кезеңде ашық отты пайдалануға (көктемнің ортасы және соңы, жаз бойы және күздің басы);
  • көп құрғақ шөп жерлерде, жас қылқан жапырақты ағаштарда, кесілген ағаштардың қалдықтарынан тазартылмаған орман учаскелерінде, ағаштардың салбыраған сабақтары астында, ағаш қоймалары жанында ошақ жағуға;
  • егер өртке қарсы режим енгізілген жерлерде ормандарға бару үзілді-кесілді тыйым салынады;
  • өзімен бірге орманға тез тұтанатын сұйықтықтар, сондай-ақ сонымен сіңдірілген материалдар алуға;
  • орманда шыны сынықтарын қалдыруға тыйым салынады: күн сәулесінің түскен кезінде сынықтары шоғырланып, өрттің пайда болуына әкелі мүмкін;
  • орманда жанып тұрған оттық, бықсыған шүберектер, темекі лақтыру;
  • орман алаңшаларында, бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астына құрғақ шөпті жағу;
  • желді күні алауды жағуға және қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі туралы жаднама.

  1. Орманда алауды ерекше қажеттіліктерге жағдайда және арнайы дайындалған орындарда ғана жағу.
  2. Егер мұндай орындар болмаса, онда оны жағу үшін өзіңіз алаң дайындаңыз, оны шөптер, жапырақтар мен бұтақтардан топыраққа дейін тазалаңыз.
  3. Кетер алдында алау мұқият жойылу керек. Бірде-бір отын мен бұталар бықсып жатпағанына көз жеткізгеннен кейін ғана кету керек.
  4. Темекі қалдығын және сіріңкені лақтыруан бас тартыңыз.

Егер сіз абайсыздық танытып, өрт шықса, уақыт жоғалтпаңыз.

  • егер қасыңызда су болса, су құйыңыз;
  • жанында орналасқан барлық өсімдіктерге су құйыңыз, бұл өрт таралуына жол бермейді
  • жасыл бұтақтардан сыпырғыщ жасап, өрттің шетін жанынан, жалынның көлбеу ұрып, бұл кезде сыпырғышты бұрып отырыңыз;
  • жану орынын топырақпен жауып тастаңыз;
  • егер өрті сөндіру сәтсіз болса, орманшылық шаруашылығына бұл туралы хабарлаңыз;
  • егер өртті жеңе алмасаңыз, әрекетті тоқтатпаңыз және құтқару қызметіне күтіңіз.

Егер сіз орманда өрт ошағын байқасаңыз бірінші не істеу керек? Өрт күзеті, құтқарушыларға өрт туралы хабарлау қажет!

Егер өрт күшеймесе, оны су, жер, құм, бұтақтан жапырақты ағаш, тығыз киім арқылы сөндіруге әрекет етіңіз. Орманда өртін сөндірудің ең тиімді жолы – өрт жиегіне топырақ шашыңыз.

Егер от қатты жанып жатса, сіз оны сөндіру қолыңыздан келмесе, ол жерден алшақ кетіңіз.

Орманда өрттен қалай сақтану керек?

  • Табиғи өртті байқаған жағдайда, барлық жақын жерде тұрған адамдарды дереу ескертіңіз және ол аймақтан шығып кетуге тырысыңыз.
  • Орман жоғары өрт кезіндежерге қарай бүгіліп, тыныс алу жолдарын дамқал шүберекпен жауып орманды жағалаңыз.
  • Жолға, кең алаңға, қалың орманға, суқоймаға қарай шығу керек
  • Егер сізде шығуға ешқандай мүмкіндік болмаса, қауіпті аймақтан шығуға тырысыңыз және орманда қандай да бір су айдыны тауып және оған кіріңіз.
  • Өрт таралу бағытына перпендикуляр жүру керек, яғни желге қарсы. Жел өртті басқа жаққа бағыттайды.

Өрт кезінде зақымдану негізгі түрлері болып күйіп қалу және көмірқышқыл газымен улану табады. Көмек көрсету кезінде, ең алдымен, жанып жатқан киімді өшіру қажет, ал күйіп қалған теріге стерильді таңғыштар таңу керек. Адамдарға иіс тиген кезінде дереу оларды қарқынды түтін аймағынан алып шығып , қажет болған жағдайда, жасанды тыныс жасау керек.

Жанып тұрған сіріңке мен темекі қалдығын бей-берекет тастауға жол бермеу керек. Қазір адамдардың табиғатқа шығып, дем алатын мерзімі. Сол себепті кез келген жерде от жағуға жол берілмейді. Табиғат аясына шыққаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен ала кеткеніңіз дұрыс. Өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғап тұрған шөпті жандырып жіберуі мүмкін. Осы қарапайым ғана қағидаттар үлкен апаттың алдын алады.

Төтенше жағдайлар министрлігі рұқсат етілмеген жерлерді қолдан өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз қалуы, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлайды. 

Кез келген сөндірілмеген от немесе автокөлік терезесінен тасталған темекі тұқылы үлкен салдарға әкелуі мүмкін. Демалыс орнынан кетер алдында отты мұқият өшіріп, бұған сақтықпен қараған жөн.

Табиғат барлығымыздың ортақ үйіміз, ал оның қауіпсіздігі адамдардың мойнында. Өрт шығып жатқанын көрген бойда дереу 101, 112 байланыс нөмірлері арқылы өртке қарсы қызмет өкілдеріне хабарласу керек. 

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстаздардың ұлықты ісі – қашан да өнеге

azatmedia

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНІҢ КӨШІН ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖАЛҒАДЫ

azatmedia

Төтенше жағдай аймағында зардап шеккендермен қарым-қатынас

azatmedia