Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БАТЫC ӨҢІРЛЕРІНЕ ЖІБЕРІЛДІ

Ақтөбе облысындағы, табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде!
Қазіргі таңда, Төлеби ауданынан арнайы 4 тоннаға жуық гуманитарлық көмектер жеткізілді.

Волонтерлар штабта белсенді жұмыс істеуде
Ақтөбе облысындағы, табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жастар уақытқа қарамай жұмыс істеуде!

Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталудаКүш-бірлікте! Су тасқыны болған аймаққа көмек көрсету үшін бүкіл ел жұмылып жатыр. Әрбір аудан мен қалада жылу жинайтын орындар ашылды. Ал жергілікті волонтерлер клубы қайырымдылық жұмысының ауқымын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мақтаарал ауданынан 80 тонна гуманитарлық көмек Батыс өңірлеріне, оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының су тасқынынан қатты зардап шеккен елдімекендеріне жіберілді.Су тасқынының алғашқы күндері шұғыл түрде 6 газель көлігімен 20 тонна гуманитарлық көмек жөнетілген болса, 60 тонна гуманитарлық көмек тиелген 2 үлкен жүк көлігі жолға шықты.

«Күшіміз бірлікте» деп ұрандатқан Мақтаарал ауданының тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мектеп, балабақша тағы басқа мекемелердің ұжымдары, қоғам белсенділері және еріктілер екі күннің ішінде Мырзакент пен Атакент кентіне қойылған жүк көліктерді заттарға лық толтырды. Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, гигеналық заттар сияқты өмір сүруге ең қажетті заттар бар.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге жекелеген елдімекендердің, еріктілердің бастамасымен де түрлі гуманитарлық, ақшалай көмектер де жіберілуде. Оның ішінде 2020 жылы тасқын судан зардап шеккен Өргебас, Жеңіс, Фердауси елдімекендері белсенділік танытуда.

Күшіміз бірлікте!Табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде!
Бүгін, Мақтаарал ауданы мен Арыс қаласы екінші гуманитарлық көмектерін жеткізді.   

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

3 күн бойы тек «Доширакпен» тамақтанған блогер желіні шулатты

azatmedia

КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТЕҢДЕССІЗ ТАРТУЫ

azatmedia