«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Жаңа жобаның мүмкіндіктерін түсіндіріп, тиімділігін тізбектеп берді. – Өздеріңізге белгілі, облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл облысымызда «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба біздің өңір үшін өте маңызды. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған. Біз өзімізге берілген бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек,-деді облыс әкімі. Жеке кәсіппен айналысып, кооператив құрамын» дегендерге 2,5 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар ауылшаруашылық техникасын алуға лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар бөлу тағы бар. Айта кетейік, бұған дейін, «Ауыл аманаты» жобасы пилоттық режимде Жамбыл облысында алғаш жүргізіліп, оң нәтиже берген. Жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған. Ауылшаруашығы мен егін шаруашылығын дамытып, оларды өңдеу, жеткізу, сату барлығын жүргізіп отырған кәсіпкерлердің саны артты.Ордабасы ауданынан бұл жобаға Бадам, Шұбар, Бөржар, Қараспан ауылдық округтері қосылып отыр. Ауданның басым бағыты, мал шаруашылығында, 118 жоба бойынша құжаттары мақұлданып, 60 жобаға 326 млн. теңге несие берілді. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының көрмесіне қатысты. Өңір басшысы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.100 га жерге павловния ағашы отырғызылған «БалКәусар» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Негізінен Шығыс Азияның тропиктік аймағында өсірілетін ағаштың ерекшелігі – жапырағы шипалы, діңі жиһаз бен музыкалық аспаптар дайындауға таптырмас шикізат.
Келесі жаңалық