Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.

Қазіргі күнде Сайрам ауданында масақты дәнді дақылдардарды ору науқаны басталды. Аудан аумағында жалпы масақты дәнді дақылдар 17800 гектар жерге егілген.Биылғы шілде айының басынан өнім жиналып жатыр. Гектарына орта есеппен 15-17 центнерден өнім беріп отыр.Бүгінгі таңда масақты дәнді дақылдар 26900 тонна, яғни егіс алқабынан 25,8 пайыз көлемінде өнім жиналған. Олардың ішінде масақты дақылдардан 7500 тонна мал азығы, сонымен қатар 2650 га бидай және 1950 га жерлерден арпа орылған. Егістік алқаптарында 15100 гектарға бидай, 2700 гектарға арпа егілген. Бидайдың орташа түсімі гектарына 15,2 центнер, ал арпаның орташа түсімі гектарына 16-17 центнерге жуық өнім береді.Масақты дәнді дақылдарды шілде айының соңына дейін толық жинау жоспарланған. Жоспарды толық орындауға аудан бойынша 162 комбайн жұмылдырылған. Масақты дәнді дақылдар ішінде бидай дақылын 60 ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі егумен айналысады.Өткен жылдың күз айларында масақты дақылдарды егу кезінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жергілікті шаруалар тарапынан егін егу жұмыстары кешеуілдетсе де, жоспарлаған егістік толық егілді. Өнімділігі артып, былтырғы жылмен салыстырғанда ауданымыздың таулы аймақтарында, атап айтқанда Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Машат ауылынан, Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала ауылынан, Қарамұрт ауылдық округінен 2-3 центнерден артық өнім алынып жатыр. Бұл ауыспалы егіс жүйесін қолданумен, мемлекет тарапынан қарастырылған тыңайтқыштар мен дизель отынын уақтылы берілуіне байланысты болып келеді.Ауданға жерсіндірілген бидайдың «Память-47», ал арпаның «Бәйшешек» сорттары көбіне егіледі. Облыс деңгейінде топырақтың құнарлылығын сақтау мен шығынды азайта отырып, өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында семинарлар өткізіліп жатыр. Осыған орай, биыл Қазығұрт ауданында Аграрлық ғылыми зерттеу институттарының қатысуымен нөлдік технологияның тиімділігі бойынша семинар өткізіліп, оған Сайрам ауданынан бірнеше шаруа қатысып, өнімділікті арттыру бағытында тәжірибе алмасты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫНА ОТАНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

azatmedia

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ЖАСТАР ДА ЖАҢҒЫРУЫ КЕРЕК

azatmedia