Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Осы бағытта Төлеби ауданындағы шаруалар жылыжай салып, тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы көкөніс егуді қолға алған. Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор. Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны Мейіржан Ғаниұлы өзінің үйінің іргесінен 0,03 га жеріне жылыжай салып, қияр еккен. Бүгінгі таңда алынған өнімдермен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр. Шаруаның ендігі алға қойған мақсаты – жылыжай көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, балық өсіру шаруашылығымен айналысу үшін жеңілдетілген несие алу. Мейіржан Ғаниұлы кәсібін өркендету мақсатында сала мамандарынан кеңес алды.Тамылжыған табиғатымен, саф таза ауасымен, туристік аймақ ретінде танылған Төлеби ауданында ауыл шаруашылық саласы қарқында дамып келеді.Аймақта қарқынды бау шаруашылығын дамыту 5 гектарға ұлғайтылып, 425 гектарға жеткен. Сондай-ақ, 1 алқаптан 2-3 өнім алу бағытында 110 гектарға көкөніс егілген. Нәтижесінде, аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 3 айда 21,6 млрд теңгеге жетті.Ауыл шаруашылық – ауданның экономикалық әлеуетiн нығайтуға, ел бюджетiнiң қалыптасуына үлес қосып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан, аграрлы ауданның шаруалары ауылшаруашылық техникалары артып, бүгінде 1 316 техникаға жетті.Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруда шаруаларға ағын су жеткізу қолға алынған. Бұл ретте, аудандағы 74 каналдың 38-і аудан меншігінде болса, жыл басынан бері 15 канал механикалық тазалаудан өткен. Аудандағы «Олжалы» каналының негізгі 5 шлюзі бетондалған.Соынмен қатар, Төлеби ауданында ауызсу мәселесін шешу бағытында кешенді жоспарлар құрылып, 50-60 жыл тұтынудан тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бүгінде аудандағы Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бейнеткеш елдімекеніне 23 шақырым ауызсу құбыры тартылып, 133 құдық орнатылып, сыйымдылығы 300 метр кубты құрайтын су қоймасы салынды. Мердігер – «Строй Жол Сервис» ЖШС мекемесі. Елдімекенді таза ауызсу құбырына қосу жұмысы осы жылдың шілде айына жоспарланған. Сондай-ақ, резервуар аумағын абаттандыру, тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ, Зертас елдімекеніндегі су құбырының құрылысын жүргізуші мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і тарапынан 52 шақырым су құбыры тартылып, 351 құдық қойылып, сыйымдылығы 1200 куб метрді құрайтын су қоймасы салынды. Құрылыс жұмыстары биылғы шілде айына дейін жалғасып, нәтижесінде 5970 тұрғын, 986 абонент ауызсумен қамтылмақ. Бұдан бөлек, Керегетас елдімекеніне 27 шақырым су құбыры жүргізіліп, сыйымдылығы 300 куб метрді құрайтын су қоймасы орнатылды. Су қоймасының маңайын абаттандыру ісі аяқталғаннан кейін 158 абонент ауызсуға қосылады. Сонымен қатар, Нысанбек елдімекенінде де ауызсу құрылысы аяқталуға жақын. 22 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, 300 куб метрді құрайтын резервуар орнатылды. Қазіргі кезде жобаға ілінбей қалған 10 үйге ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны аяқтау бойынша мердігер мекемемен келіссөз жүргізіліп, шілде айында 170 абонент таза сумен қамтылады деп көзделіп отыр.Сондай-ақ, Ленгір қаласын сапалы ауызсумен қамту бағытында Көктерек су тазалау имаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде 2200 куб метр резервуар, су тазарту құрылғысы орнатылды. Химиялық тазалаудан шыққан кәріздік суын төгетін көлемі 100 куб метрді құрайтын септик құйылып, имарат маңы қоршалып, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстары қолға алынған.Айта кетсек, ауданда ауыл халқының жағдайын жасау үшін, бұқаралық спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау бағытында занауи спорт кешендердің құрылысы жүргізілуде. Бірінші Мамыр елді мекенінде футбол алаңы мен спорттық сауықтыру орталығының құрылысы 2022 жылы басталды. Мердігер мекеме – «АРТ – Құрылыс» ЖШС. Бүгінгі таңда кешеннің шатыр жабу, қасбеті мен ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталып, құрал-жабдықтарды орнату мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, мердігер мекеме «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС Көксәйек елді мекенінде талапқа сай спорт кешенінің құрылысын бастады. Ал Зертас елді мекенінен құны 517,8 млн теңгелік спорт кешендерінің жобалық-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруаға ұсынылды.Былтырғы жылы Ленгір қаласында жеке кәсіпкер Мәди Нәбиевтің демеушілігімен «Жақсылық» спорт кешені ашылып, аудан тұрғындарына пайдалануға берілді. Қазіргі таңда жастар аталған спорт кешенінде спорттың қазақ күресі, самбо, дзюдо, джиу-джитсу түрлерімен шұғылдануда. Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекенінде ауыл азаматтарының демеушілігімен жабық спорт алаңшасы салынса, Зертас ауылдық округі, Зертас елді мекенінде бюджет есебінен спорт алаңшасы бой көтерді. Сонымен қатар Ленгір қаласындағы Шахта-Тоғыс елді мекенінде ашық футбол және баскетбол алаңшаларының құрылысы 2021 жылы басталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудандағы спортпен шұғылданушылар саны 46930 адамға жетіп отыр. Бұл – жалпы халықтың 38,89 пайызы.Айта кетейік, Төлеби ауданында тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен 2 мемлекеттік жекеменшік – әріптестік аясында құрылған спорт клубы және су спорт түрлерінен олимпиадалық спорт мектебі жұмыс атқарады.
Алдынғы жаңалық