Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жыл сайынғы Жолдауында «Адамдар үшін басты қағидаттардың бірі тұрғын үй мәселесі болып табылады» деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұтас тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. «Оның әкімшісі ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банк» болады. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша азаматтардың арасында тұрғын үйді есепке алу мен бөлуді қамтамасыз ету міндеті тұр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, Сарығаш қаласындағы Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерден тұратын 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталған болатын. Коммуналдық арендалық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2018-2020 жылдары аралығында жүргізіліп, аяқталған.
Биыл жыл басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен бұл үйлерге арналған автономиялық кәріз жүйесін жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда толық инфрақұрылым мәселелері шешімін тауып, баспанаға кезекте тұрған мұқтаж азаматтар мен көпбалалы отбасыларға 585 пәтердің кілтін табыстау басталып кетті.
– «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, пәтерлер санаттар бойынша үлестіріліп жатыр. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагері – 1, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 117, көпбалалы отбасыларға – 211, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына – 256 пәтер, – деді аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов.
Баспаналардың кілті 1 маусымнан бастап табысталып жатыр. Пәтерлер толық беріліп болған соң үй иелерімен келісім-шарт түзіліп, тиісті құжаттар рәсімделеді.