Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ЮЭЦИН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек. Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру бағытында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай мемлекетіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар келісімдер жасаған болатын. Осы бағытта жұмысты жүйелеу үшін Түркістан облысына Қытай Халық Республикасы, Юэцин қаласының өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков және сала басшылары қатысты.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Түркістан облысының әлеуетіне тоқталып, бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларға толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Халық тығыз орналасқандықтан бұл аймақ үлкен кадрлық әлеуетке ие. Түркістан – бизнеске бағдарланған өңір, онда 170 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Аймақ табиғи кен орындарына бай. Ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Түркістанда туризм саласын дамыту Мемлекет басшысы қойған басты міндеттердің бірі екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты біз туристік инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендердің құрылысына ерекше назар аударамыз. Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, – деді Нұралхан Көшеров.Өз кезегінде Юэцин қаласының вице-мэрі Джуо Сайлонг Түркістан қаласымен экономика және сауда, білім және мәдениет салалары бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізіп, әріптестік құрметке ризашылығын білдірді.Басқосуда Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Юэцин қаласының вице-мэрі Джуо Сайлонг екі қала арасындағы бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойды.Соңғы 5 жылда өңірге инвестициялар тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Түркістан қаласына тартылған инвестиция көлемі артты.Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беру қалаға ғана емес, бүкіл өңірге инвестициялар тартуға айтарлықтай серпін берді. Қазіргі таңда Түркістан облысының салалық мамандануын, сондай-ақ экономикалық дамудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, жер қойнауын пайдалану, туризм, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларға инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, 2018 жылдан бастап облысқа өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм, және логистика сияқты салаларға 5,8 млрд. АҚШ долларына жуық инвестициялар бағытталды. Қаржыландырудың басым көзі – жеке инвестициялар. Өңір экономикасына 2027 жылға дейін шамамен 6,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестициялар тартып, 300-ден астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде.Айта кетейік, өңірде индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар бар. Мұнда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ әртүрлі салық жеңілдіктерін ұсынады.Юэцин – теңіз жағалауында орналасқан қала. Қытай еліндегі 100 мықты қаланың ішінде 13-орында тұр. Әлемдегі 6 мемлекетпен келісімшартқа тұрып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. 

Қатысты жаңалықтар

САУРАН: АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: СУ АЙДЫНДАРЫНДА ОҚЫС ОҚИҒА ТІРКЕЛМЕГЕН

azatmedia

Шымкент қаласы әкімінің прессегі ашуланса, «ұрып жібермей ме?»

azatmedia