Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн»,  деп айтып өткен болатын.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.

Осы орайда, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Жылы су ауылдық округі, С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан «Төлеген» санаториясының емдік-сауықтыру шараларымен, 30 орындық қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты, , деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

1996 жылы аудандық аурухананың бөлімшесі ретінде жұмыс істеген мекеме 1999 жылы жекешелендіру кезінде «Төлеген санаториясы» ЖШС болып қайта құрылған. Алғашында айына 70 адамды, кейінірек 90 адамды қабылдайтын емдік-сауықтыру мекемесінің бүгінде қосымша ғимараты бой көтеріп жатыр. Емдік-сауықтыру орталығында келушілер 12 түрлі дертке ем қабылдай алады. Ондағы минералды судың құрамы 14 элементтен тұрады. Жер астында 46°С ыстықта қайнап шыққан су 37 – 38°С-та қолданылады. Орталық 120 орынға арналған, айына 300-ден астам келушіні қабылдауға мүмкіндігі бар.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «ӘНІМ СЕНСІҢ – ТУҒАН ЖЕР» АТТЫ ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia

«AMANAT» : ЖҮЙЕСІН ТАПҚАН ЖҰМЫС ЖЕМІСІН БЕРЕДІ

azatmedia