Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.
Осы орайда, көктемі ерте келетін Оңтүстік өңіріндегі егістік алаңқайларында жұмыс қызып та кетті.
Сарыағаш ауданының диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісіп кетті, , деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.
Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда.
Биылғы жылы ауданда 10,5 мың га жерде көкөніс өсіріліп отырса, оның ішінде 3,0 га жуық жерде картоп көкөнісі өсірілуде. Аудан шаруалары биылғы жылы мол өнім алуды жоспарлап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуда.
Ауданның климаттық жағдайының қолайлы болуы себебінен, диқандарға голландиялық картоп түрінің тұқымын өсіру ыңғайлы болып келеді. Осыған орай, ең көп картоп алқаптары: Жібек жолы, Қабланбек, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округтерінде орналасқан.