Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамудың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті.
Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестиция, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң мен тәртіп – Жаңа Қазақстанның бес тұғырына айналмақ.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды өтініштері бойынша қабылдады. Тұрғындармен еркін пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауда тұрғындар түрлі мәселелерді қозғады.
Дәлірек айтсақ, Кентау қаласын дамыту жұмысын ширату жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен бірге Сайрам ауданының инфрақұрылымын жақсарту, әлеуетін көтеру мәселесі де қозғалды. Одан өзге де түйткілдер тарқатылды.
Аппарат басшысы әрбір өтініш бойынша заң аясында кеңес беріп, мәселелердің бақылауға алынғанын жеткізді.
2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысымен облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдарға 15 791 өтініш келіп түскен. Нәтижесімен 13 037 өтініш қаралды, 1751 өтініш басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданды. 8783 өтініш бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданған. Қалғандары бойынша тиісті жұмыс жүруде. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы І тоқсанында облыс әкімінің 19 жеке қабылдауы өткізіліп, 125 адамның өтініштері тыңдалған. Сонымен бірге құқық қорғау органдары, департамент және басқарма басшыларының қатысуымен аудан, қалаларда көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, қабылдауда болған азаматтарға заңға сәйкес түсіндірмелер беріліп, мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.