Жаңалықтар

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – еліміздің болашақтағы дамуына тың серпін беретін саяси науқан. Шымкент қаласы Абай ауданы Тұлпар шағын ауданында орналасқан № 218 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов осылай деді.

—Мен өзім Парламент Мәжілісінде депутаттық қызмет атқарғанмын. Сондықтан бұл орган қызметінің қаншалықты күрделі, жауапты әрі маңызды екенін жақсы түсінемін. Парламент сапалы заңдар шығару арқылы және Үкіметтің қызметін қадағалап, халықтың атынан есеп алып отыру арқылы ел дамуына серпін береді. Сол себепті әрбір азамат бүгінгі сайлауға белсенді түрде қатысып, өз таңдауын жасаған жөн, — деді Ш.Мырзахметов.

Оның айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттардың жаңарған құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартатын, азаматтардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әділетті қоғам орнатуға ықпал ететін заңдар қабылдауы тиіс.

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

azatmedia

«ТАРСА» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

azatmedia

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

azatmedia