Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғимаратындағы №101 сайлау учаскесінде шешуші сәттен қалмай бір топ ардагер өз таңдауын жасады. Олардың алдының жасы, ең қартының жасы 90-ды алқымдаған. Балаларымыздың ертеңі бүгін сайланатын халық қалаулыларына және олар қабылдайтын заңдарға тікелей байланысты, дейді ақсақалдар.

– Шымкент қаласы ардагерлер кеңесіндегі азаматтар қандай да бір сайлау өтпесін, шет қалған емес. Себебі, аға буын мұндай саяси науқанның маңыздылығын жақсы біледі. Бүгінгі таңдау – Жаңа Қазақстанға бетбұрыстың бір қадамы. Сондықтан сайлаудың әділ өтуі маңызды. Қалалықтарды белсенді болып, науқанға үнін қосып, дауыс беруге шақырамын, – деді қария Шәки Құлжанов.

Сайлау учаскесі берген мәліметтерге сүйенсек, таңнан бері мұнда 100-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасаған.

Қатысты жаңалықтар

ҚР МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНА АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

azatmedia

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТҚАН ІРГЕЛІ ІСТЕР МОЛ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ АЛУҒА БОЛАДЫ

azatmedia