Ақпарат

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Арыс қаласында ережесіз жекпе-жектен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Шараның ұйымдастыруылына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясы және «Arys Fight» аралас жекпе-жек клубы атсалысқан. 17-19 ақпан күндері өткен турнирге өңірдегі 300-ге жуық спортшы қатысты. MMA турниріне әскери самбодан 4 дүркін Әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов пен бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақыпов бастаған спорт майталмандары мен жанашырлары құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Командалық есепте турнир қорытындысы бойынша Түркістан облысының №5 спорт мектебінің сайыпқырандары 17 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен I орынды иеленді. Сондай-ақ арыстық спортшылар 13 алтын, 10 күміс, 6 қола медальмен II орынды, ал түркістандық спортшылар 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен III орынға тұрақтады. Жүлделі орын иегерлеріне диплом мен медаль табысталды. Бірінші орынға – 500 мың, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 50 мың теңге демеушілердің атынан қаржылай сыйлықтар үлестірілді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

azatmedia

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЕЛДІ ДЕМОКРАТИЯЛАНУҒА БАСТАЙДЫ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

azatmedia